Тіл болашағы-ұлт болашағы

Қазақтың тілі соншалықты мол. Ләкін, қазақтың тілімен қандай кітап болса да, жазуға болады. Қазақ тілі мұншалықты жатық һәм анық болар еді, егер де біздің қазақтар аңғарып, бөтен тіл араластырмастан, ілгері бастырып сөйлесе...». Иә бұл қазақтың біртуар тұлғасы Ыбырай Алтынсариннің айтқан сөзі. Қазіргі кезде тіл мәселесі жиі көтерілетін болды. Тіпті,кейде мектеп оқулықтарынан да салғырттық көріп жатамыз, бірақ оған аса қатты мән бере қоймаймыз. Осындай сияқты, тағы кішкене ғана қателіктерден кейін тіліміздің біртіндеп, солып бара жатқанын байқамайтынымыз өкінішті. Бүгін яғни қарашаның жиырма бесінші жұлдызында ұлттық арнадағы «Apta.kz» бағдарламасының соңғы жағында тіл туралы, тіліміздің бұрынғыдан күрт өзгеруі туралы айтқан болатын. Қазақ тілінің өзгеруі тек кірме сөздерге емес, термин сөздерге де тікелей байланысты екен... Расымен де біздің бір сөйлеміміздің жартысынан көбі орысшамен араласып жатады, немесе таза орысша сөйлеп жатамыз. Бұл қазақ тілінің емес, қотыр тілдің дамуына себепші деп ойлаймын. Қазақ тілінің дамуы, болашағы немесе құрдымға кетуі біріншіден аға буынға, екіншіден кейінгі буынға, яғни жас ұрпаққа байланысты. Себебі, бізден кейінгі ұрпақ бізден өнеге алмай, кімнен өнеге алады?! Оларға негізінен алғаш мектепке барғаннан бастап, негізгі әліппе мен ана тілінен кейін, санасына патриотизмді сіңіретін пән енгізсе жөн болар еді. Себебі бойына патриотизмді санасына сіңірген бала, тілін құрметтеп, рәмізін қастерлеп, елі үшін туғанын сезінеді. Басқа тілмен араластырып сөйлеуді ол кезде бала намыс көруі де әбден мүмкін болар еді... Тілді қайтадан жаңғырту - өз ішімізде еліміздің мәртебесін жоғарыға асқақтату. Бұл үшін еліміздегі тек білім саласы емес, барлық сала көз жұмып қарамай бір кісідей ат салысуға тиісті. Себебі, конституцияда көрсетілгендей Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі- қазақ тілі. Айқын көрсетіліп тұр. Бұл жерде ешқандай да орыс тілі, немесе ағылшын тілі деп жазылмаған. Әр мемлекет өз тілінде сөйлейді, ендеше біз де солай істеуге тиістіміз. Меніңше, орыс тілін үйренген дұрыс, бірақ барлық қызмет көрсету орындарынан орыс тілін алып, қазақ тілін толықтай барлығына жарамды етіп, қолданысқа енгізген дұрыс секілді. «Өзге ұлттар ше, ішінде орыстардың жағдайы не болмақ?» деп пікір қалдыратындар да болуы мүмкін. Жауабы оңай. Олар Ресейде емес Қазақ жерінде тұрып жатыр. Қазақша үйренсін, мүмкін емес жағдай болмайды, бәрі де мүмкін. Олар үйренеді, біздің жерімізде тұрып, білмейді емес біледі, бірақ өздерінің тілдеріне деген құрметін жоғары қояды, бағалайды, дәріптейді... Соның бір дәлелі ретінде: «мен жазғы демалыс кезінде, қалада әжем және ініммен дүкенге бара жатқан жолда көрші үйдің орыс келіншегі екі үлкен, бір кішкентай, яғни сәби деуге болады, балаларымен келе жатыр екен. Содан әжем жаңағы жас келіншекке орысша емес қазақша «Қызым, бөпеңнің бауы берік болсын, құтты болсын!» дегенде «Спасибо!» деп жауап бермесі бар ма, өтіп кеткен соң әжеме «әже, неге орысша сөйлемедіңіз, орыстар да қазақша түсінеді екен ау...» дей беріп едім, ол кісі болса «орысша сөйлеме, олар бәрін біледі, бәрін түсінеді, тек қазақша сөйлегісі келмейді»,-деді. Сонда түсіндім олардың өз тіліне деген құрметін. Бізде бәрі керісінше, біз өзіміздің тілімізді емес, өзге ұлт өкілдерін құрметтейміз. Жалпы қазақ – ақкөңіл, жомарт, қонақжай халықпыз. Жақсы жақтарымызды айта берсек көп қой. Бірақ осындай мінезімізді басынғандықтан да осылай істей ме деп ойлап қаласың. Бүгінде, еліміздегі бірден бір қазақ тілінің дамуына себепші арна «Балапан» телеарнасы. Бұл арна балалардың сөздік қорының дамуына қосатын үлесі зор. Бұрын интелектуалды сайыстар көп еді, қазір де еуропалықтардың мультфильмдері жаулап алыпты. Осы жазда мынадай оқиға болған: «жазда үйде жүргенімде, анам есімімді атап, клубника тазалап тасташы» дегенде кішкене сіңілім «апа, клубника деген не? Бұрын ондай атауды естімеппін»,- деді. Бір күліп алдым, мазақ қылып. Сөйтсем ол құлпынайды біледі де, клубниканы білмейді екен. Осы кезде күлгеніме, мазақ қылғаныма дейін ұялдым. Кішкене бала осылай айтқанда, біздің шұбарлап сөйлеп жүргеніміз қалай сонда?! Әйтеуір, бірінен соң бірі шындыққа жетейін десең шырмалған нәсрелер жетіп артылады. Қазір мектептегі соңғы жылым. Мамандық та таңдау керек. Қазір қалтасына, жұмысына қарай мамандық таңдайтын заман ғой. Негізгі қалағаным журналистика(журфак) еді. Онымен ата-анам қарсы болды. Басқа мамандық таңдап берді. Тілді таңдаймын десе, кірпіше жиырылып қалатын ата-аналарға кейде наразылығым туатын кездер де болады. Әрине өз ата-анама да. Мектепте қазір факультатив яғни қсымша пәндер көбейіп кетті. Мәні жоқ әйтеуір мектепте өткенді қайта оқытып жатады. Баланың жан-жақты болғаны дұрыс бірақ, сол пәндердің орнына «Қазақтың шешендік өнері» немесе тілді дамыту үшін үлесі мол, пәндер көбейсе, нұр үстіне нұр болар еді. Мысалы, «Қазақтың шешендік өнері»-деген не үшін дейсіздер ғой. Бәріміз де би, шешендердің шешендік сөздерін оқыдық, шолу жасадық, бірақ жаттап, мәнін түсінетіндеріміз аз. Қазір үш биіміз болса, бізге бір сөздерді тұспалдап айтса, жауа бере алмас едік. Жауап бермек түгілі, сөзді-сөзбен байланыстыра алмай, тілімізді қимылдата алмай қалар едік. Даналық сөздерінің өзінен өнеге алу қиынға соғар еді. Сондықтан, осы мәселені қайта қарау керек. Бірінші - тіл, екінші-математика, қалған ағылшын, орыс тілдерін қатты маңызды ете беруге болмайды ғой. Қазір тіпті қытай тілін енгізбекші дегенді естіп жатырмыз.Титтей де болса, халықпен санасу дұрыс ау. Тілің құртылып бара жатқанда қытайың не? Кейде сауатты адамнан, сауатсыз адам жасап жасап жатыр ау дейсің. Бәрін де шенеуніктер өзгертсе дұрыс болар еді... Шенеунік демекші, қазіргі кейбір шенеуніктерді көрсең ішің удай ашиды. Қазіргі шенеунік, бұрынғы – билермен, уәзірлермен пара-пар. Бұрынғылар дау-дамайды, шешендікпен, өткірлікпен шешіп отырған. Қазіргілер тіпті (көпке топырақ шашпаймын) қазақша сөйлеуден жұрдай, бір сөздің басы, екінші сөздің соңы, сонымен бітті. Осы дұрыс па?! Әрине, жоқ!!! Сондықтан құрметті халқым, тіл болашағы – ұлт болашағы деп отырғаным бекер емес. Тілді дамыту, ұлтты өгейсітпеу сіз бен біздің қолымызда. Алаштың зиялылары армандап кеткен халық мұндай емес еді. Олар бекерден – бекер атылмады. Олар біз азат болсын, қазақтың болашағы жарқын болсын деп өз жандарын пида етті. Сол себепті әр бабамыздың қаны мен жаны, рухы біз үшін қасиетті. Көк бөрінің ұрпағы, қорқау қасқырдың күйін кешуге тиісті емес! Оян, қазақ! Оян, халқым!



Бөлісу: