Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Өз ойым. Сен де өз ойыңды білдір.

Өз ойым. Сен де өз ойыңды білдір.

Өз ойым. Сен де өз ойыңды білдір.

               Жаһандану заманындағы Қазақстанның қазіргі қоғамында журналистика мамандығының алар орны ерекше. Осы орайда еліміздің бүгінгі журналистикасына көңілі толмайтын жасөспірімдердің қатарында мен де бармын. Неге десеңіздер, тəуелсіздік алғанымызға жиырма жетінші жыл болса да, біздің журналистика саласы бəсекеге қабілетсіздік танытып келеді. Көпшілік журналистер жеңіл-желпі дүниелерді жазуға əуес, іздемпаз, еңбекқорларымыз азайып кеткендей. Əрине, көпке топырақ шашудан аулақпын, дегенмен де, шоу-бизнеске құмартып кеттік. Тек қана жұлдыздардың өмірін айта беріп, оқырмандарымызды арзанқол дүниелеге құмар етіп қойғанбыз. Сол себептен де қазіргі халық пайдалыдан көрі, қызықты шоулар мен сенсация сүйгіш болып кетті. Десе де аға буын өкілдерінен, өзекті тақырыптарға бет бұрып, келелі мəселелерді қозғап, халық қамын, ел мүддесін ойлап жүргендері де баршылық. Яғни біз жастар, болашақ қаламгерлер, сондай тұлғалардан үлгі алғанымыз абзал деп білемін.
      Əлеументтік желі қолданушылары күн санап артып келеді. Бұл да жаһанданудың бір көрінісі екені белгілі. Қазіргі таңда баспа беттерінен көрі, арнайы сайттарды ақпарат көздеріне айналдырғанымыз тиімді болып отыр. Сол сайттардың бірі де бірегейі деп мен Nur.kz пен massaget.kz-ті айтар едім. Елді елең еткізетін елеулі жаңалықтардың көпшілігін осы сайттардан оқығанды ұнатамын. 
          Жыл санап дамып келе жатқан қазақ елінің бүгіні, елбасымыздың көреген саясаты мен халқымыздың бірлігінің арқасында. Ал, болашақ қашан да жастардың қолында екенін ұмытпайық. 
 

P.S: алып-қосарыңыз болса комментке

 

 Автор: Рысбек АРАПХАНҰЛЫ

5
Рейтинг: +3

Жазылған уақыты: 03 тамыз, 00:15
Тегтер: Журналистика өз ойым қоғам саясат жастар болашақ Рысбек Арапханұлы

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.