Мұз үстінде туған мұзбалақ ер...

Мұз үстінде туған мұзбалақ ер...
жеке
блог

"Су түбінде жатқан тас-жел толқытса шығады,

Ой түбінде жатқан сөз-шер толқытса шығады"-деп Асан Қайғы айтпақшы, қайғылы қазадан қабырғасы қайысқан xалықтың шері мен мұңы қара қазандай.

-Кім ойлаған?

-Кім білген?

...Ешкім де!

Өмір ғой...Бірі келер,бірі кетер...Талай тұлпарлар мен сұңқарлар да шат заманның азуына ілінген.Солардың салып кеткен сүрі жолына Денистің де кемесі бұрылды...Кеудені шер,жанарды жас кернеді...Тағдырдың кермесіне кез болған асыл азамат "құйрықты жұлдыздай жарқ етті де,жоқ болды..."

Сен xалықтың айнасына теңелдің!

Сен сынған жоқсың!

Сен енді біздің ЖАНАР деген айнамызда өмір сүресің...

Сен-МҰЗ АЙДЫННЫҢ МӘҢГІ ӨШПЕС ЖАЛЫНЫСЫҢ!

Мұз үстінде туылған мұзбалақ ер,
Армантаудың көгінде самғаған ер.
Өмір деген осындай,амал бар ма?!
Арпалысқан күніге қан менен тер.
Бәйшешек ең сол мұзды жарып шыққан,
Арманыңды қолға ұстап қатар ұшқан.
Маңдайына елімнің нәсіп болған,
ҚАНМЕН емес ЖАНМЕНЕН ҚАЗАҚ болған!