Бәрі жақсы бола ма?!

Бәрі жақсы бола ма?!
жеке
блог
Дайындық. Қарбалас. Қобалжу. Үміт ету. Алаңдау...
"Скоро", "скоро" деп жүріп, мектепті аяқтайтын, үлкен өмірге қадам басатын күннің тым жақындап қалғанын байқамай да, сезбей де қалыппыз. Уақыт зымырап өтіп жатыр. Ал, біз сол уақытқа ілесе алмай, жеткізе алмай дал болып жүрміз. 
Əрқайсымыздың алдымызда сан тарау жолдар, сан түрлі өмір мен тағдырлар тұр. Бірақ, бізге қазір бір ғана ортақ нəрсе бар. Ол- күнделікті күйбең, тыпыр-тыпыр еткен тіршілікте кеудемізден бір минутқа да кетпейтін , керісінше бұлбұлдай сайрап тұратын "Оқуға аман-есен түсіп кетсем екен" деген арман. Мейлі, ол сайрасын. Түні бойы маза бермесін. Ұйықтатпасын. Ойландырсын. Толғандарсын. Тек, Алла сол тілегімізді қабыл етіп, қайырлы қылса болғаны. 
Түсінгенім, өмір сені осылай шаршатып, сындырмақшы болған кездерде мықты қолдау қажет: жақындарыңнан, ата-анаңан, достарыңнан, таныстарыңнан, бейтаныс жандардан болса да. Тіпті, әлеуметтік желілерден "мен саған сенемін", "сенің қолыңнан келеді" деген хабарламалардың, жылы сөздердің өзі кез-келген жанды жігерлендіре, қажырландыра түседі. Сондықтан да, ып-астық алтын ұясынан түлеп ұшқалы тұрған түлектеріңізден əдемі лебіздеріңізді аямаңыздар!..