Бар әлем француз бойжеткендерінің сұлулығына неге тамсанады?

Бір сәтке француз бойжеткендері табиғатынан сұлу болып жаратылғандай көрінеді. Құдды ажарын әрлеу үшін косметикалық рәсімдер жасап әуре болмайтындай. Мүсіні мінсіз болу үшін диетаны құп көрмейді. Әлемдегі сұлулық стандарттарына сай болуға да ұмтылмайды. Бойынан көп кемшілік табылса да, өзін барынша сенімді ұстайды.

Француз бойжеткендерінің бойында көпке үлгі боларлық қасиеттер де бар. Ол қасиеттерді оқу арқылы сіз де өз талғамыңызды шыңдай түсесіз деген ойдамыз.

♥ Француз бойжеткендері стильдерімен танымал

Олар әлемдік деңгейдегі дизайнерлер ұсынған сәннен гөрі өзіне ғана тән стильді табуды жөн көреді. Бұл стильдерін маусым сайын жаңа аксессуарлармен толықтырып отырады әрі ақшасын үнемдейді.

♥ Өзіңізге ләззат сезімін сыйлайтын рәсімдерді жасаңыз

Тек тәніміз ғана емес, жанымыздың сұлу болуы маңызды. Жайлылық сыйлайтын ванна, косметикалық, уқалау сынды рәсімдерді астамдықтан бұрын қажеттіліктер деп біліңіз. Ол қажеттіліктер уақытыңыздың жоқтығына қарамастан өтеліп тұруы тиіс.

 Тәніңізді жазаламаңыз

«Алдымызға қойған мақсатқа жету үшін міндетті түрде тәніміз ауыруы керек» деген ұстанымды шетке ысырыңыз. Француз бойжеткендері барлық істен ләззат алуды жөн көреді. Мұның денсаулыққа да пайдасы бар.

♥ Өзіңізді кемшіліктеріңізге қарамастан қабылдай біліңіз

Қазақстандағыдай француз журналдарынан да қол жеткізу мүмкін емес идеалдарды көзіміз шалады. Алайда, француздық бойжеткендер бақыттың 36 өлшемдегі киімді киюде емес екендігін жақсы түсінеді.

♥ Дәмді тағамнан ләззат алыңыз

Тәбетті қандыратын асты барлығымыз да жақсы көреміз. Сол себепті, өзімізді бұл мүмкіндіктен айырған жөн болмас. Әрине, қазы-қарта, жал-жаяны француздық нан, ірімшік алмастыра алмайды. Десе де, кез келген тамақты тек аз мөлшерде жегеніңіз жөн.

Жалғасы бар...

Оқи отырыңыз:

Сұлу болудың бір сыры

Өміріңізге өзгеріс енгізетін 3 жағдай

Париждік стиль

Сурет:  rudaki.ru