Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / 20 жасқа дейін...

20 жасқа дейін...

20 жасқа дейін...

Көктем. Таң. Мен... 
Қыс бойына жаурамаған мен бүгін тоңып ояндым. Бүрісіп жатыр екем... Көрпенің шетінен шығып жататын аяғымды да, қалай екені белгісіз, әйтеуір, жылы жерге паналаттым. Салқын жерде ұйқының ашылып кетуі де жылдам екен. Оятқышымның шырылын күтіп біраз жаттым. Неше түрлі ойлармен арпалысып жатқанымда ауылым еске түсіп кетті.

Қақаған қыста мектепке деп таңғы 7:00-де оятатын. Жылы көрпенің астынан шыққым келмей біраз еркелеймін. «Әй, тұрсаңшы»... Әжем сағаттың ұзын тілі жартыға келмйінше бірнеше рет келіп кетеді.Шыдамы таусылған әжем қасыма келіп: «Арқаңнан сипап берейін, сосын тұра ғой жақсы ма?» дейді. Басымды изеймін...Солай бес минут жұмсақ қолдарымен арқамды сипап береді де, бетімнен сүйіп: «Ал, енді тұра ғой», – деп ас бөлмеге кетіп қалады. Келісім бойынша мен амалсыздан орнымнан тұрамын. 

Таңғы асты ішіп алған соң, сіңілім екеуміз сүйретіліп сабаққа шығамыз. Мен алда, ол артта... Әйтеуір, қалың қарға омбығып, мектепке жетеміз.

Бірде апа (анам) мектепке алып келді. Суық сүйектен өтеді. Оның үстіне еркеліктен тоңдым деп жылап келемін. Көзімнен аққан жасқа дейін мұздақтанып, бетімді қарып барады. Мектепке дейін жылап бардым. «Болды, жылама. Тоңасың!». Менен бір адым қашықтықта, асығыс кетіп бара жатқан ападан қалмау үшін мен де екі есе жылдамдық қосып аламын. Ортада мұзға мың рет жығыламын. Жүгіріп келіп тұрғызып алады. Үстімде өзімнен екі есе үлкен тон. Артымда – тепе-теңдік ұстауға мүмкіндік бермей артқа қарай тарта түсетін сөмкем. Сол кезде, үсіп, қайтыс болыпты дегенді жиі еститінмін. Мектепке келе салып: «Үсіп қалдым, енді өлемін» деп жылағаным есімде... 

Оятқыштың жағымсыз дауысы шыр етіп, ойымның бәрін жан-жаққа бөліп жіберді. Қарғыс атқыр... Жұмсақ төөсегімнен тұрғым келіп жатқан жоқ. Құрбым үйге қонақ болып келіп, астыма төсейтін жалғыз көрпені соған ұсынып, өзім жай төсек жайманың үстіне ұйықтай салғам. Тақтай жерге жатқаннан ба, арқам ауыра бастады. Әжем болса ғой деп қоямын...

Қой, еркелеп жата берсем, түс болар деп орнымнан тұрдым. Ашық қалған терезеден қоқыс жәшігін тазартуға келген көліктің гүрілі мен адамдардың абыр-сабыр дауысы естіледі. Алматының осы келбеті ұнайды. Тірі екенімді, адам екенімді, бастысы ояу екенімді сезінемін. 

Ауа-райын қарап қоямын. Ертең жаңбыр дейді. Жылауық қыздың жекеменшік күні де жылап тұр екен ғой... Өз ойыма өзім күліп қоямын...

Күн сайын таңертеңгі 8:30 да ұялы телефоным интернетке автоматты түрде қосылады. Сол уақыт болса керек, хабарламалар келді деген дыбыстар бірінен соң бірі шыға барды. Әкемнен келіпті:
– «Амансың ба?».

– «Жақсы, өздеріңіз қалайсыздар?» ..... Жіберу батырмасын бастым.

Сол баяғы салғырт қарым-қатынас. Жаттанды сұрақтар. Жаттанды жауаптар...
Соңғы уақытта үйді жиі ойлайтын болыппын. Соған қарағанда «сағынбаймын, іздемеймін» деп қақшаң-қақшаң ететін жүрегім, сағыныштың дәмін енді татып жатқан секілді. Кейде сағынатыным сонша, танысқан адамдардың ішінде мені қоршаған жақын адамдарымның бейнесін іздеп отырамын. Ұқсайтын кескінді көрсем, мінезді көрсем жүгіріп-барып құшақтап алғым келеді. 

Менің бара жатқан жолымның өзге бағытқа қарай жылжып бара жатқанын ұғу кейде сәл қиындау. Бірде әжем «Сағындым» дейді телефон тұтқасының ар жағынан. Түсінде көрген шығар деп өзімді жұбатып қоямын. Бірақ, сол уақытта «Мен де...» деп айта алмадым. Шынымен... 

Қарғыс атқыр, тілім, сайрағанда ешкімге дес бермейді. Бірақ, «Әке, сізді сағындым. Апа, сізді жақсы көремін. Мамау (Әжем) бәрі жақсы болады, уайымдамаңыз. Атааау, Алматыға келіңізші» деп айта алмаймын. Ненің ұстап тұратынын өзім де түсінбеймін. Бір күн осы сөздерді уақытындай айтпағаным үшін өкінер ме екем? Кім білсін?!

Біреуді жоғалту? Ең алғаш рет өлімді 5-сыныпта көрдім. Жоқтау айтып жатқан апаларды, жұртқа білдірмесе де, көзіне жас алып тұрған азаматтарды көрдім. 

Бұрында жиі өкпелейтінмін. Барлық балада болатын «Асыранды бала» синдромы менде де болды. Кейбір балалар секілді қайдағы жоқ «өлімді» ойлау деген де болды. Жасөспірім шақта бір нәрсеге көңіліміз қалса, бүкіл әлемнен теріс айналатын әдетіміз ғой. Бірақ, мені ұмыт болу қорқынышы тоқтататын.
 
Бір жеті жылап, кейін сенсіз өмірге үйрену деген нәрсен үрей туғызды. Балалық қой... Бірақ, менің есейгенімді, олардың ата-ана ретінде есейгенін олар менімен үйдің мәселесін талқылап, қонақ шақыруды бірге жоспарлап, кей істі сеніп тапсырған сәтте ұқтым. 

«Тәмөкөн»...

Тұлға ретінде емес, бала ретінде арманым – олардың ұзақ жасы. Бейнетсіз, зейнетті. Баянсыз емес, берекелі.

 
Рейтинг: +6

Фото:
http://goodimg.ru
Жазылған уақыты: 24 сәуір, 19:40
Тегтер: блог, Томирис Есқали, ойлар
Пікірлер
+1
25 сәуір, 09:17

Сағынышыңнан сенің

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.