Адамға адам керек
жеке
блог

Адамға адам керек

"Жалғыздық тек құдайға жарасқан" дейді бабалар үні, ғасырлар көші, қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырдағы өмір сабақтары. Шынымен де, адамға шынайы бақытты сезіну үшін адам керек. Мейлі ол дос/құрбы болсын;сырлас,жанашыр жақын болсын;сүйетін қыз/жігіті болсын... Кім болса да, қандай болса да кез-келген жанға жалғыздықтың тұңғиығына батырмайтын, тепе-теңдік пен тұрақтылықты дәлелдейтін,сезімге толы сергелдең кездерден ақылмен алып шығатын, арман мен жарқын болашаққа ақ шұға үмітпен сендіретін адам керек. Бұл-өмір Заңы және солай болып қала бермек.

Ақиқат емес пе?! Ғалымдар мен психологтар қанша керіге шығарып, дұрыс еместігін дәлелдегенімен жаның құлазығында немесе қуаныштан төбең аспанға жетердей боп тұрғанда ішкі сырыңды ақтарар жанды іздейтініміз анық қой."Онда тұрған не бар?" деп те ойлаймын. Адам жалғыз болмауы тиіс. Адамға адам керек...

Сондықтан да, өміріңізге жақсы адамдар келсе, кенедей жабысып қалыңыз. Себебі, Алла ондай жандарды жиі жібермеуі мүмкін;)