Мерейлі отбасы.
жеке
блог

Мерейлі отбасы.

 Түркі халқында ,соның ішінде қазақ халқы ер азаматтарды өте қатты сыйлап қастерлеген. Ер кісілер негізінен барлық мұсылман халқында, әйел затынан бір саты жоғары  және де солай болып қалады деген ойдамын. Бірақ қазіргі кезде көптеген қыз -келіншектер қазір  ХХI ғасыр болғандықтан ешқандай да әйел, ер деп бөлінбейді және біз әйелдер ешкімнен кем емеспіз,- деп өз ойларын қымсынбай яғни ,ұялмай жеткізіп отырған жайттары бар. Әрине барлық адам бірдей  бұл жерде негізінен айтқанда сый құрмет көрсетіп, өздерінің ер азаматын биік қойған ,бұрынғы апаларымыз және де күйеуінің рұқсатынсыз ешқайда шықпайтын болған. Сонымен қазақ атамыз айтпақшы «Атың жаман болса, сатып құтыларсың, әйелің жаман болса, қайтіп құтыларсың»-, деп дана халқымыз өзінің даналығын көрсетіп кеткен екен ғой. Және де бала әке- шешесінің айнасы ғой, әке-шешесі не істесе бала да әке-шешесінің істегенін істейді. «Анаға қарап қыз өсер, әкеге қарап ұл өсер» -, дегені рас емес пе? Ер кісілер сыртта жүріп, күні түні еңбек етеді, ал әйел адамдар үйінде отырып, бала-шағасын тәрбиелеп, үйінің отынын түтетіп, сол үйге «Отымен кіріп, күлімен шығады»-, десем де ғажап емес.

 Қазақ халқының отбасы шаңырақ тәрізді деп айтуға болады. Өйткені, керегесі ол әкесі, кереге болмаса киіз үй де болмайды деген сөз, отбасында ер азамат болмаса, отбасы болмайды ғой сол секілді, ал киіз үйдің уығы- ол балалары, ал есігі- келіні, яғни айтқанда есік киіз үйдің бір бөлігі, сәні десе де кем емес, өйткені, есік жарамайтын, сықырлайтын болса, киіз үйдің де іші суық, әрі жұпыны болады, яғни айтқанда «Келіні жақсы үйдің ,босағасы да алтын»,- деп айтқым келеді, ал барлығын біріктіріп тұрған шаңырақ, ол отанасы яғни анасы секілді. Ана деген ол- ұлы жаратылыс. Мейірімділігінде шек жоқ. Ананың мейірімділігі соншалықты құмырсқаға да қиянат жасағысы келмейді. Ал, ананың балаға деген махаббатында шек жоқ, өйткені, бауыр етті- баласы болғандықтан жек көрмейді емес пе? .Мүмкін ,баласы жаман, ақымақ жауыз болса да, ана деген ешқашан баласын жек көрмейді ,өйткені, "іштен шыққан шұбар жылан ",- деген мақал бар емес пе? Аналар баласы үшін барлығына баруы мүмкін, өл десе ойланбастан баласының жолында өзін құрбан етуден де тайсалмайтын аналарымыз өте-өте көп. Ал әкенің балаға деген махаббаты ананың балаға деген махаббатынан асып түспесе де кем түспесі анық. Әкелер қаншалықты қатал болып көрінгенімен, олардың жүректері ананың жүрегіненде жұмсақ болады. Ер адамдар бала-шағасы үшін күні- түні еңбек етіп, балалары кем болмас үшін барынша тырысып бағады. Өзі тоңса да баласын жаурамағанын қалайды, балаларын ақылды, мейірімді болып өскенін қалайды. Балалары басқа балалардан  кем болмасын деп өзі жаурап, бұрынғы киімдерін кисе де баласына барынша жап-жаңа киімдерді алып беруге тырысып бағады. Ең өкініштісі, осынай әкелеріміз , осындай аналарымыз  қазіргі таңда азайып бара жатқан секілді. Аналарымыз қазіргі кезде ер азаматтарға ұқсап күні –түні еңбек етіп, балаларына көңіл бөлуден қалған тәрізді. Кейбір әкелеріміз бар, үйде отырып, жалқаулық танытып, әйелінің тапқан табысын ұялмастан ішіп-жеп отырған. Бірақ бес саусақ бірдей емес қой, көпке топырақ шашудың да керегі жоқ деп ойлаймын. Бірақта осындай ер жігіттер бар, жасырудың керегі жоқ. Бұрындары Құнанбай, Абайдың замандарында ондай ер адамдар атымен болған емес, ондай нәрсе ойларына да кіріп шықпағаны анық. Қазірден бастап бұл сұмдықтың тамырын баспасақ, етең шырмауық тәрізді қаулап кетуі де ғажап емес. Біз осы мәелені айтпасақ, ертеңгі болашақ жас ұрпақ не болмақ? Сондықтан, бұрыңғы ата-бабаларымыз тәрізді мықты, әрі жау- жүрек, қайсар болып келешек ұрпаққа да үлгі болуымыз шарт. Балаңызға қазірден бастап көңіл бөліп, ақылды, әрі қазақтың мықты ұланы немесе жау -жүрек қызы етіп тәрбие беріңіз, өйткені, ертеңгі ұрпағымыз қор болмас үшін!!!.