Менімен болам десең мінезіңді қой

Таң айғайдан басталды. Не болғанын білмеймін. Кеше бәрі жап-жақсы болған. Тура сіз-біз деп жатқанбыз. Аяқ астынан. Күнде таңертең оянуға қорқасың.

Бұрыннан бірге болғандықтан кеше кешке барлығын түсіндіріп, ашық сөйлестік. Бетіне айттым. "Менімен болғың келсе мінезіңді қой" деп. Сол баяғы әдетінше үндемей құтылды. Түсінген шығар деп ойладым. Таңертең дәл осындай иттік жасарын білсем, жұлып тастар едім. Білмеймін алысып, әлім таусылды. Екеуіміздің Болашағымыз не боларын білмеймін.

Күнде таңды айғаймен қарсы алудан жалықтым. Ол айғайлайды, мен жынданам. Артынан оның көңілін қайтару үшін жуамын.

Шашымды жуамын))) Таңертең тұрсаң, шашың тағы да айғайлап тұрса не істейсің? Амалың жоқ жуасың((( Осыдан қара да тұр. Жаз шықсын қырқып тастаймын. Айтқаным айтқан. 

Күнде таңертең айғайлаған шашыммен осылай алысамын)))
Апта айғайсыз өтсін ағайын!!!



Бөлісу: