Балаларға арналған фильмдер неге аз?

Неге балаларға арналаған фильмдер аз, қазір кино саласы қандай деген сауалмен бүгінде 50-ге жуық мультфильммен көрерменің көз айымына айналған туындыларын халлықты қызықтырумен таң қалдыруадан, елдің болашағы үшін жұмыс атқарып жүрген "Сақ киностудиясына" барып Нуриддин Паттев Исаұлы ағаймен құрған сұқбатты  назарларыңызға ұсынбақшымын...


Балаларға  арналаған фильм,және қоржындарыңыздағы туындылар?

-Баяғы "Менің атым Қожа" дан кейін тәуелсіздік алғанға дейін отандық  балалар фильмі саласында кино болмады.Тәуелсіздік алғаннан кейін  дами бастады.  Біздің биыл "Сақ кино студиясына" 16-жыл. Осыған дейін 50 анмациялық  фильммен 400 минуттық 200  сериядан тұратын "Қазақстан ұлттық телеарансының" ұсынысы  бойынша "Сен білесің бе?" атты анимациялық ролик түсірдік. Одан бөлек қазақтың ертегілеріне,      "Операция Ш" , "Жаңа жылдық қалыңдық" т.б киноны көрерменге ұсындық.

2013-2014 жылы "Томпақ" фильмін  түсірумен айналыстық. Оның мазмұны  жат планеталақ пен балалардың арасындағы достық.Бұл анимациялық фильм Қазақстан ұлттық арнасына ұсынылып, анимация мен тірі балалардың ойнауымен жүзеге асқан.

Киноға кейіпкерлерді қайдан аласыздар, немесе кастингке қанша уақыт жұмсайсыздар?

Жалпы кастингке бір ай уақыт бөлеміз, алдыменен облыстан іздестіріп, ойымыздағы баланы таппасақ, Алматыға барамыз.  Мысалы "Томпаққа" балаларды әр жерден таптық. Тасболатты ( шын есімі Арман) ән айтып жүргенде,  томпақ  бала  іздестіріп  жүргенімізде  Есетті( шын есімі Олжас)  дүкеннен кездестірдік. Әлі бала болғандықтан алғашқы түсірілімде қиыншылықтарды өткерді. Енді бірі апталап  түсірілімде жүргенде ата-анасын сағыныпты.

Отандық мультфильмдердің  көрілімі қандай?

-Сақ студиясы түсірген  фильмдердің көрілімі жақсы деп айта аламын. Көрерменннің көңілінен ойып тұрып орын алатын " Қазақ елі" бүкіл әлемдік байқауда  ең үздік үш номинацияны  жеңіп алды.Олар:  "Ең үздік фильм", "Ең үздік компазитор","Ең үздік сценарийст" оған қоса Испания, Францияға жол тартты, және Еуразиялық байқауда да,үш бірдей жүлдені қоржынға байладық.

Алдағы уақытта көрермендерді "Сақ студиясы" қандай туындыларымен қуантпақ?

-Биылғы 2017 жылы Елбасымыздың "Рухани жаңғыру" баңдарламасының аясында, облыс әкімінің тапсырысымен "Көне жетіген" фильмін,                   25 минуттық  "Қажымұқан"шығарылып көрермеге жол тартты. "Киелі Қазғұрт","Отырарды қорғау" анимациялық фильмі түсірілуде. Алдағы жоспарда  Ордабасы ,Төле би, Оқсыз қаласы  жайлы анимациялық туындылар түсірілмек.

Балалар фильмінің бүгінгі жағдай қандай?

-Фильмдер жасалуда, онда ойнаған кейіпкерлер қазір есейіп, әр жақта жүр. Оларды көп жағдайда ескермей жатамыз. Бізде Қазақстанда сценарий жазатын жазушылар аз. Солардың тапшылығынан өзіміз өткенде оралып баяғы ертегілерді оқып, оның жаңа заманғы нұсқасын ойлап табуға тырысамыз және ойлап табамыз да. Сондай туыныдылардың бірі "Қошқар мен Теке","Ертөстік" сынды дүниелер. Фильм сапасына келер болсақ, елімізде анимация саласы дамуда, оған қаражаттар бөлінеуде.  Елімзде студиялар көбейіп келеді. Жылына 3-4 мультфиьм шығарылуда.

Шетелдік мультфильмдер  қазақшаға аударлып, экранға көптеп жол тартуда, бұған не айтасыз?

-Шетелдік арналардың фильмдегі сценарийы нашар жазылған.  Оны Қазақстанда көрсетуге тиым салу керек. Теріс жолға жетелейді.  "Бала тәрбиесі бесіктен"! Қазіргі бесік теледидар болды. Екі жасар баланың өзі түсінбесе де мультфильм көреді.  Шетелден алынған туындылардың тәрбиелік мәні жоқ. Қазір теле анадан "Айдаһар мінген шабандоздар" деген көрсетіліп жатыр. Мен соны айтар едім, анимациясы да тәрбиесі де жақсы деп.  Ондағы балалардың ісінен "Жануарлады сүюді, жануарларды  қолға үйретуге, табиғатты қорғауға" шақырады.

Ертегі жазатын балалар  қазір көп десек те болады. Соларға қандай ақыл -кеңес берер едіңіз?

Шығармалары жақсы болса, қазір бірден-бір балаларды шабыттандыратын Балапан теле анасына ұсынса болады. Одан басқа  студияларға апарып көру керек. Оған бірден мультфильм түсірілдеі деп айта алмаймын, себебі тек мықты, идея мен мазмұны жағынан  озық материялдарды ғана қабылдайды.

                                                                                    Жұмахан Нұрлыхан Қасымханұлы

Шымкент қаласы



Бөлісу: