Томпақтағы Тасболат қазір қайда?

Томпақтағы Тасболат қазір қайда?
жеке
блог

"Сақ киностудиясы" түсірген "Томпақ" балаларға арналған фиьмнің басты кейіпкері Тасболатты танымайтын бала жоқ шығар. Ақылды, алғыр, өз достарының арсында  беделді, көңілді, тапқыр баланың рөлін сомдаған Арман Қасымбеков болатын. Балалар фильмі жайлы материалл іздестіріп киностудияға барғанымда, тек Арманменғана  кездесе алдым. Арман қазіргі таңда студент оған қоса "Сақ киностудиясында" оператордың көмекшісі болып жұмыс атқарады екен. Жасмин, Есет,Беріктің рөлін сомдаған балалармен жүздесу мүмкіндігі тумады. Арманмен қызықты әңгіме айтып, оның болмысын ашуға тырысып бақтым.

Томпақтан кейінгі өміріңіз  қалай болды?

-Томпақтан кейінгі өмірім қалай болы дегенге былай жауап берейін, одан соң біраз киноларға шақырды,бірақ оқуға байланысты ешқандай киноға барған жоқпын.Содан екі жыл өткеннен кейін Сақ киностудиясына келіп,осында жұмысқа орналастым.

Кино әлеміне алғаш есікті қанша жасыңызда аштыңыз?Кастингке қатысқанда не істедіңіз?

7-сынып оқып жүргенімде, 13 жаста едім. Кастингке келгенде былай болды,мектепте оқып жүргенімізде  мектепте хор болатын, хорға барып әнмен айналысатынмын.Сегізінші наурыз күні Шымкент қаласында опера және балет театрында  аналарға арнап концерт беретін болып, соған хор шақырылды. Хорға бардық, сол жерде енді фильмнің режесері Батырхан ағай жүр.Мені біржерден көрді ме,  маған сөйтіп -Сен бала, мына жерге  ертең кастингке кел деді. Бардым сол жерде қағаз берді, оқыдым ,осыны ойнап бер деді, мен оны алдында жәй оқып бере салған болатынмын.Қағаздағы баланы солай ойнап бердім, содан кейін хабалаймыз деді.

Қазіргі қазақ балалар фильмі жайлы ойың қандай?

-Дамып жатыр деген ойдамын,өйткені қазіргі  режиссерлардың және балалардың  кино саласына қосқан үлесі үлкен.Қазіргі таңда "Қалқанқұлақ" деген  балаларға арналған  фильм түсірілді, түсіріліп те жатыр. Барлығына ұнайды.Көбірек түсірілсе деген ойдамын балаларға арналған кинолар.Өйткені шетелден көп келеді  бізге. Қазақ елі деген  мультфильм түсірілді,ол тек балаларға арналмаған бүкіл қауымға арналған.Себебі онда қазақ хандығы мен тарихы бейнеленеді.

Әр адамның өз саласында ұнататын, үлгі  тұтатын тұлғасы болады. Сіз кімге еліктеп, үлгі тұтасыз?

-Еліктеу жағы білмеймін оны (күліп).Мен өз-өзіммен жүрген адаммын. Біресе анау ұнап кетеді, ертесіне мынау  дегендей . Ұнағанда  мысалы  киім ... бір ғана киім киіп жүре бермейміз ғой...Ұнады ма киіп аламын. Кейде ол ұнамай классика ұнап кетеді.Үлгі тұтқанда өнердегі көп адамдары тани бермейді екенмін( жымиып)былай атын айтпаса, мысалы музыкада да сондай. Әнді тыңдап жүремін, бірақ оның кім орындап жатқаны қызық емес маған.

 

Қандай рөлдер  сомдағанды жақсы көресіз?

-Тек қана басты рөлдер (күліп) және комедия жанры жаныма жақын.

Фильмде тіл алғыш кей сәтте бұзық бала өмірде қандай екен?

-Өмірде де дәл солай деп айтсам болады.Өзім қалаған дүниелерге жетуге тырсамын.  Өзім араласып жүрген үлкен кісілерден ақыл-кеңес сұрап тәжірбие жинаймын десм де болады.

Жас актерлар жайлы, кинодағы қызықтармен өз ойыңды бөлсе отырсаң?

-Біздің студиядағы жас акерлар өте жақсы актерлар. Өйткені олар бұның алдында бір емес бірнеше фильмге түсіп үлгерген . Сондықтан қазір "Қалқанқұлақ" деген фильм түсірілуде. Өте күшті бәріне ұнап жатыр.Соған түсіп жатқан балаларды көріп өзімнің Томпаққа түскен кезім есіме түсіп кетеді.Қызықтар...қызық көбі түнгі кезде болады. Балалардың бәрі түсірілімнен шаршап ұйықтап жатқанда, оператор келіп - ой, сендерге ұйықтауға болмайды, қазір ойнай алмай қаласыңдар дейді. Содан бәріміз тұрамыз да, сценарийды шуылдап, ойнап  қуаласып жүріп кейіпкерлерімізді сомдап тастаймыз.

Балалар Томпақ пен сіздермен кездесуді армандайды, олрадың арманын қалай орындайсыздар?

-Бізде түрлі кездесулер болады, мегада,  әр түрлі жерлерде. Сонда келсе болғаны. Вконтакте желісінде Томпақ деген топ бар сонда  кездесулер күні жарияланып отырады. Онда біз балалармен түрлі ойындар, сұрақтарына жауап береміз.Жалпы айтқанда күнді көңілді өткіземіз.

 

-Арман сізге зор шығармашылық табыс тілеймін. Еңбегіңіз жана берсін. Сұқбат беріп уақытты тиіміді әрі қызық әңгіме айтқаныңызға рақмет! Сізге сәттілік серік болсын!

Жұмахан Нұрлыхан Қасымханұлы

 

Шымкент қаласы.