Əлеуметтік желі уақыттың жауы ма?
жеке
блог

Əлеуметтік желі уақыттың жауы ма?

 Бүгінде жастар бос уақытының көп бөлігін əлеуметтік желілерде өткізеді. Кейбір адамдар жастардың соның арқасында "мақрұм" болып бара жатқанын айтып, əлеуметтік желілердің ешбір пайдасы жоқ деп есептейді. 
 Иə, расында да əлеуметтік желілер біздің сол шектеулі уақытымызды білдірмей ұрлайды. Біреуге хабарлама жазып, оның уақытын күту, жаңалықтар лентасын, фото, видео қарауға да аз уақыт кетпейді. Жалпы ғаламтормен жұмыс жасағанда пайдалы дүниелермен де айналысуға болады. Мысалы, əлеуметтік желілерге көп уақыт бөлетін адамның əдетте "досы" көп болатынын білеміз. Яғни, ол өзінің достары немен айналысып жатқанын, жалпы айналада болып жатқан оқиғалардан хабардар болып отыруға септігін тигізеді.
 
        Жастардың қанша пайызы əлеуметтік желіге тіркелген?
 
 Дүниежүзі бойынша интернетті қолданатындар 82%, ал өз елімізге келетін болсақ бұл көрсеткіш 74% -ды  құрайды. Елімізде интернетті жиі пайдаланатындардың жас аралығы 15-44 жастағы адамдар. Осы орайда біз 15-19 жастағы жасөспірімдерге,  əлеуметтік желіде не мақсатта, қандай сайттарға кіретініне сауалнама жүргіздік. Жастардың əлеуметтік желідегі  ВКонтакте, Instagram, WhatsApp желілеріне неліктен кіретіндігін жəне неше уақыт жұмсайтынын сұрадық. Жастардың 70-80%-і ВКонтакте желісіне тіркелген, жəне 90%-ының ата-аналары аккаунттары бар екенін біледі жəне көпшілігі осы əлеуметтік желілерден ақпарат алатын айтып өтті.
 
              Уақыттан ұтылып жүрген жоқпыз ба?
 
 Əлеуметтік желіге əркім əр түрлі мақсатта тіркеледі. Біреулер бір керегі болып қалар деп, енді біреулері бір қажеттілік болғандықтан, ал көпшілігі өзі үшін тіркеледі. Жалпы, əлеуметтік желіге əркім өзінің жарқын сəттерін, өзінде бар дүниені немесе жаңадан алған дүниесін көрсету үшін, тіпті жейтін тамағына дейін фотоға немесе видеоға түсіріп, салып жатады. Ал, кейбіреуі жарнама таратып пайда көріп жатыр. Мен жүргізген сауалнама да достарымның көбі желіге бос уақыттарын өткізу үшін кіретінін байқадым. Ойын ойнайды, музыка тыңдайды немесе әзіл видеолар көреді. Ал оған кеткен уақыттың қайтарылмайтынын білмейді. Алдағы уақытта мен әлеуметтік желіге кететін уақытты пайдалы ақпараттармен толтырғым келеді. 
Ал сен әлеуметтік желідегі уақытыңды ұтымды пайаланып жүрсің бе?