Сіздерді миға арналған 21 күндік диетаға шақырамын!

Сіздерді миға арналған 21 күндік диетаға шақырамын!
жеке
блог

Сәлем Массагеттік дос!)

Танымал психолог Брайан Трейсидің адам миына арналған 21 күндік диетасы туралы естіппедіңіз? Егерде естімеген болсаңыз,сізге тамаша мүмкіндік туып тұр.Мен Брайан Трейсидің 21 күндік диетасын қазақшаға аударып көрдім) Сіздерге пайдасы тиіп жатса қуаныштымын) Олай болса 21 күндік диетаны неге бірге бастамасқа?

1) Таңертең әдетте тұратын уақытыңыздан 1сағат ерте тұрып дене мен миға жаттығулар жасаңыз;

2) Теледидар,газет-журналдар немесе ғаламторда отырар алдын 30-60 минутыңызды кітап оқуға және  бір мативациялық, сізді шабыттандыратын немесе пайдалы нәрсе оқуға арнаңыз;

3) Күнделік немесе параққа, алға қойған мақсаттар мен жоспарларыңызды жазып отырыңыз. Күнде алдыңғы жазған мақсаттарға қарамастан, ертеңіне тағы да жазыңыз. Сонымен қатар, жазған нәрселер осы шақ формасында тұру керек, сонда сен сол армандарыңа оңай әрі тез қол жеткізесің);

4) Күнде өз-өзіңізге бүгін мен не істеймін? Қайда барамын? Нені бітіремін? Деген сұрақтар қойып, бүгінгі күнге тізім жазып қойыңыз.;

5) Ең маңызды жұмыстарды кейінге қалдырмаңыз; 

6) Көлікте немесе басқа да транспортта отырған кезде, пайдалы үнтаспа немесе посттар оқуға тырысыңыз;

7)  Ұйықтар алдында өз-өзіңізге есеп беріңіз және айнаға қарап сіздің қолыңыздан бәрі келетінін ұмытпаңыз;

 

Осы ережелерді 21 күн ұмытпай орындасақ, миымызды тазартып, өмірге деген көзқарасымыз өзгереріне күмәнім жоқ! Ендеше бәріңізге сәттілік)