ФБ фобия!!!

Фэйсбук желісінде жаңа қадам бастаған адамға ең қорқыныштысы не? Өз басымнан өткергенім ол жеке парақшаңда қандай да бір жазба жазу.

Сізге өтірік, өзіме шындық. Мың ойланып, мың толғанасың. Өйткені ертең жазғаныңа адамдар не дейді, *ұят* болмайды ма деген сұрақ мазалайды. Шын осы "ұят" сөзі өлтіретін болды. Талай жерде тормоз болуыма осы 3 әріп кінәлі. Содан фб-да өзімше активный болу үшін қадам бастау керек болды, өйткені желідегі достарымның саны 1 мыңнан асты, ертең түк жазбасам "ұят" болады ғой.

Не істеу керек? Қой бірдеңе болсын жазайын дедім. Ой ол оңай емес екен, қандай тақырыпта, не жазам, қысқасы түк жаза алмадым. Бойымдағы "ұятты" жеңу үшін қолымнан не келеді содан бастайын дедім. Достарымның айтуынша, (мүмкін қалжындады) мен тілекті, тостты қатырады екенмін. Соған сеніп, фб-дағы "Бүгін мына досыңның Туған күні" деп шығып тұрады ғой, сол достарыма тілек жаза бастадым. ой оның өзі оңай емес екен. Біреуге "Туған күніңмен" деп едім, бір жақсыларым "Туылған күн" деп жаз деп шықты))))))).

Сонымен ойланып, ойланып "1 жасыңызбен", "Жекеменшік мерекеңізбен" деп жаза бастадым. Осындай құттықтау келіп жатса, түсіністікпен қараңыздар!!!

Фб-да жазба жазуда әлі де Қорқыныш бар. Бірақ бұрынғыдай емес. Жалпы бұл қорқыныш қалай аталады? Қандай фобия?

Қазір, "блог фобия" бастау алды, жазба жазасыңда пікір күтесің. Алған бағытым дұрыс па? Қалай жазған дұрыс деген сұрақтар мазалайды.



Бөлісу: