Өзіңді-өзің жақсы көр!

Өзіңді-өзің жақсы көр!
жеке
блог

   Басқалардың бойына сенімділікті ұялату үшін, ең алдымен өз-өзіңе сенуін керек дейді. Өзің жақсы көрген адам өз өзіне сенімді, көшбасшы болуға лайықты, басқалардың алдында "авторитеті" болады. Ал өз бойымыздан сенімділікті қалай көре аламыз? Жай ғана мысал келтірейік. Достарыңызбен бірге әр түрлі тақырыпты арқау етіп әңгімелесіп тұрсыздар. Бір құрбыңыз сізге көзіңіздің түсі ерекше екенін айтты. Ал сіз "Жоқ, түк те әдемі емес", "жай ғана қара көздер ғой", "барлық адамдардың көздерімен бірдей ғой" деп жауап қайтарсаңыз, сіз өз-өзіңізге сенбейтін, өз-өзіңді төмендетіп өз бағаңызды түсіріп адамсыз. Немесе сізді жұрттың алдында мақтағанды қошеметті қабылдай алмай, қысылып, қызарасыз, сізді төмендеткен басқалардың негативті көзқарасыңа сенесіз.  Осы қалпы жүре берсеңіз, сізді ешкім тыңдамайды, ешкім сізге сенбейді, өз дарыныңызды аша алмай қаласыз.

   Күресу керек. Ең оңай тәсілі - өзіңді өзің жақсы көр. "Мен ақылдымен. Мен мықтымын, мен жеңемін, қолымнан келеді, мен өзімді әдемімін дей аламын" деп өз-өзіңізге баға беріңіз. Сол кезде бойыңызда сенімділік ұялайды, өзіңіздің ішіңізден жеңіліс таппайсыз.  Әрдәйім күліп жүріңіз. Өзіңіз өз жақсы қасиеттеріңізге сенген сайын, басқалар да сене түседі.

Сіз ғажапсыз!