Бақыт туралы өз ойым
жеке
блог

Бақыт туралы өз ойым

     Мен өз бақытымның неге сүйенетінін таптым. Неге байланысты және оны қалай жасауға болатын білдім. Ең алдымен бақыт деген ұғым тек бір ғана объекті көрсетпейтініне көзімізді жеткізіп алайық. Яғни, оның себептері бірнешеу екенін түсінгеніміз жөн.

       Менің бақытты болуымның ең үлкен себебі – барынша жақын деген туыстарымның ортасында, үлкен үстел үстінде әңгіме айтып, шәй ішу екен. Қызық емес па? Осынша алып бақытқа жай ғана оңай ие болатынымды, мен тек жақында көрдім. Кешкі ас кезінде манты жеп отырып, әулетімнің қызықтары мен марқұм ата-әжемнің басынан өткен оқиғаларын еске түсіру, әулеттің ең кішкентай мүшесінің тәтті қылықтары мен “Аю отыр партадасын” қайта-қайта айтқызу, өзімнен екі жас үлкен әпкемнің қылжақ әңгімелерін тыңдау, тек әулетімізге қатысты “приколдарымызды” айту, жай ғана әңгімелесу, мен осынша эйфорияға әкеледі деп ойлаған емеспін. Олардың аман-есен жүргені, бір-бірімен тату болғаны, менің алдымда күліп ойнағаны, шынымен, мені шексіз қуанышқа бөлейді екен. Олар басқалар үшін идеал болмаса да, мен үшін олар даусын қаттырақ сөйлейтінімен, бар сырт болмысымен, кейде жөнсіз ойларымен идеал жандар болып қалады. Тіпті, бұны ешқандай асылмен бағалай алмассың. Сенімдімін, сіздер үшін де сондай болар. Бақытты болыңыздар)