Сіз мықты болу деген ұғымды қалай түсінесіз?

 Мықты...  Мықтылық.. Əйтеуір, ең алғаш көргендердің бәрі мені мықты қыз екенсің дейді...Шындығында мен мықтымын ба?! Осы сұрақты өзіме мың рет  қойып көргенмін....Ұзақ ойландым... Расында мықтылық жаныма тән қасиет пе?!
Мықты болу - жанардан тамшы үзбей, мүлдем жыламау ма?
..... құздардан итерсе де, тік тұрып құламау ма?
..... жаныңды әділетсіз қарыса да , өзгенің табанын жаламау ма?
 Ұзақ ойландым..Бір тоқтамға келдім... Адам туыла сала мықты болып кетпейді.. Қайсарлықтың өзі өмір сүре келе қанға сіңетін қасиет... Тіпті адам бойына керекті барлық қасиеттер жетіле келе шыға бастайды.. Сол секілді мықтылық та уақыты келгенде адам бойынан көрінетін қасиеттердің бірі.. Ал менің ұғымымда мықты болу, мықтылық деген түсінік жоқ.. Неліктен олай? Себебі : тағдыр қиындығы мен сынағын тосқанда , мен әлсізбін деп қарап тұра алмайсың... Күресесің....Құлап қалсаң, маған жазылғаны осы деп жата кетпейсің,тұрасың, жүгіресің...Бұл мықтылық емес...Бұл басқа жазылғанға көну.Тірі қалу үшін күресу.Әлсіздікке бой алдырмау дегеніміз мықты болу деген емес.... Ал сіз мықты болу дегенді қалай түсінесіз?



Бөлісу: