Мінез байлығы-кісілік ырыс
жеке
блог

Мінез байлығы-кісілік ырыс

Жеріміздің ұланғайыр кеңдігімен, мұндағы табиғат сұлулығының әсерінен ғасырлар бойы қалыптасқан дархан, жомарттық, адамға деген мейірімділік пен өнерпаздық, қазақ биосферасының өзіндік ерекшелігінен туындаған асқан қонақжайлылық, жойқын соғыс пен қуғын-сүргінге ұшырау салдарынан тірнектеп жинаған рухани мұраны өсер ұрпаққа жеткізу ниетінен қалыптасқан балажандық, үнемі мал шаруашылығымен айналысудан қанымызға сіңген малжандылық, ешуақытта басқа жұрттың жеріне көз алартпаған бейбітшілік саясат, өзі тиген дұшпанның қабырғасын қақыратқан көзсіз батырлық, «мың өліп, мың тірілген» кездердегі керемет шыдамдылық пен барға қанағатшылдық – біздің ұлттық мінезіміздің жоталы бітістері, халқымыздың ұлттық мақтанышы.    Белгілі бір ұлт өкілдеріне тән, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын мінез-құлық пен психологиялық қарекет ерекшеліктерін-ұлттық мінез  дейміз. Мәселен, қазақтар өзі­нің «бас пайдасын ғана» ойламайды, оны­мен қатар ағайын-туыстарының, ел-жұртының да қамын ойлай жүреді. Бірінің басына қиындық, қайғы-қасірет түссе, оны барлығы бірлесе жұбатып, жәрдемдесіп, қайғысын көтеріседі. Ал, егер бірінің басына қуаныш келсе, оны да бірге тойлап, қуанышын бөліседі. «Ағайын – бір өліде, бір тіріде» деп, бір-біріне мал-жанымен, жылы сөзімен қарайласа жүреді. Алда-жалда, қазақтың қандай да бір азаматы ағайын-туысына қарайласпай, қарақан басының ғана қамымен оқшауланып кетсе, ондай адамды қазақ қоғамы қатты айыптайды. Қазақтың бұл мінезін:             
                                     Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін!        
                                     Батыр болсаң, жауыңа найзаң тисін!     
                                     Бай болып, халқыңа пайдаң тимесе,      
                                         Батыр болып, жауыңа найзаң тимесе,           
                                     Жұрттан ала бөтен үйің күйсін! – деп Төле бидің атынан айтылған шу­мақ­тарынан-ақ анық аңғаруға болады. Өзінің ұзаққа созылған тарихындағы қалыптасу жолында қазақтар да өзге халықтар секілді қадір тұтуға жарайтын ұлт­тық пси­хологиялық «кешендерді» бойына сіңіріп келді. Оның қатарында ұлт­­тық мінездің көптеген нышандары – жауынгерлік мінез, кеңпейілділік, бауыр­малдық, мейірімділік, жомарттық, қонақ­жайлылық, балажандық, сонымен қатар, батырларға тән ақкөңілдік пен аң­қаулық, тағы басқа да көптеген жағымды қасиеттер бар.        
        Мінез-саналы өмір жүйесінде нәзік болмыспен қабаттас дарыған, адамның табиғи қалпы, сыр-сипат, іс-әрекет, бет-бағдар ерекшеліктерінің психологиялық жиынтығы.Ақыл мен мінез кісіліктің парқын, парасаттылығы мен бітім-келбетін, өмірге жарасымдылығы мен қабілеттілігін анықтаушы, сондай-ақ бірін-бірі толықтырушы, жетілдіруші саналық категория. Пейілге бай болу үшін мінезге, жүректегі ізгілікке, мейірім мен таза ойға да бай болу қажет.  Адам бойындағы асыл қасиеттердің өзегінде мінез, жүрек, мейірімділік пен таза ой жататыны сөзсіз. Адам баласының мінез құлқы- тәрбие мен тәлім арқылы, тек білім мен ақылды ұштастыра білгенде ғана сіңетін, құдіретті, қасиеті мол адамшылық атаулының көрінісі. Мінездің мәні мен мағынасы кең ұғымды. Өмір ағымының барлық кездері мен кезеңдерінде адамның ой-толғамына, талғам-сезіміне, көңіл- күйіне, қам-қарекетіне тікелей қатысты және әсерлі, кісілік бей­несінің саралануына ықпалды. Бар болмысын, сезім серпінін, көзқарасын айна-қатесіз, қаз қалпында елестетер шарайнаҚазақ ұғымында  мінездің нышаны ататектен беріледі. Ататектен мінез нышандары берілетіндігін Фараби бабамыз: «адам жақсы мінез-құлыққа жетілгенге дейін оның өзінің табиғатына біткен әлеуметке сай келетін мүмкіндіктерді іске асыру қажет .»-десе,Абай атамыз; бала екі түрлі мінезбен туады деп санап та көрсеткен: Джон Локк(1632-1704)-тың :«... олардың тумысынан болатын мінез-құлық қасиетін  толық өзгертеміз деп есептемеуіміз керек,»- деген  ескертуі  тағы бар.Мінез-құлықтың даму,жетілуі, өзгеріп көркеюі тәрбие,үлгі өнеге байланысты екенін қазақ ойшылдары тым ерте пайымдаған. Жібек мінез,биязы әдепке баулудың теориялық мәселелері өл-Фараби, Ыбырай, Абай,Шәкерім,Жүсіпбек  т.б. еңбектерінде кеңінен қолданыс тапқан.          
       Фараби бабабыз бірінші орынға шынайы бақытқа жетуге кепіл болатын мінез-құлық тәрбиесін қояды.Фараби мінез-құлық тәрбиесінің құрал,әдістерін белгілеуде Аристот-ельдің адамдағы барлық мінез-құлық, қасиеттерді туа біткен емес, жаттығу, әдеттену машықтану нәтижесі деген қағиданы басшылыққа алып, ары қарай дамытып әкетеді.Ол адамда жақсы әдет-мінез қалыптастыруда ерік- қайратына көп мән береді, өйткені сезім мен рухани нәпсі мен парасат мұқтаждықтары бір-біріне қарама-қарсы келгенде санамен шешу ерікке, өзін-өзі билеуге тіреледі.Мұндай жақсы ниет, оң істер бара-бара адамның дағдысына, жақсы қасиетіне айналып, ол тәрбиелі жақсы мінез-кұлықты болып өседі. Бұл айтылғандар Фарабидің "Бақытқа жол сілтеуінде" былай дәйектеледі: "Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші-бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады. Егер осы екеуі бірдей болып келсе, біз өз бойымыздан және өз әрекеттерімізден абзалдық пен кемел-дікті табамыз және осы екеуінің арқасында біз ізгі игілікті және қайырымды адам боламыз, біздің өмір бейнеміз қайырымды, ал мінез-құлқымыз мақтаулы болады.Біз мінез -құлық сапаларының абзалы да, оңбағаны да жүре-тұра пайда болады дейміз. Адамда қалыптасқан мінез-құлық болмаса,онда ол жақсы немесе жаман мінез-құлыққа тап болғанда, қарама-қарсы мінез құлыққа өз еркімен кешіп кетуі мүмкін.Адамның белгілі бір мінез-құлыққа ие болуына немесе жақын жұғысудың арқасында бір мінез- құлықтан басқа бір мінез-құлыққа ауысуына себепші болатын нәрсе-әдет болады, ал әдет деп мен белгілі бір әрекеттің жиі-жиі және ұзақ уақыт қайталануын айтамын.Мінез-кұлықтың қалыптасу жолдары өнерді үйрену жолдары сияқты. Мысалы, жазу өнеріне шебер жазғышқа тән әрекеттерді сол адамның орындап машықтануы арқылы жетеді. Басқа өнерлердің де келу жолы дәл осындай...Абзал әрекет жөнінде де істің жайы осылай сияқты ол адам жақсы мінез-құлыққа жетілгенге дейін оның өзінің табиғатына біткен әлеуметке сай келетін мүмкіндіктерді іске асыру қажет.Адамда белгілі бір мінез-құлық қалыптасуы үшін осыған сай келетін әдеттер берік орын алулары керек».Фараби мұнан басқа жүйелі түрде жаттығу, машықтану, сендіру, еліктіру, үлгі көрсету т.б. тәрбие және өзін-өзі тәрбиелеу әдістерін қолдануды ұсынады. Практикалық дағды, шеберлік-терді,жақсы мінез-құлықты дарытуда ол тәрбиеленушінің мінезін және басқа жағдайларды ескере отырып екі педагогикалық әдісті-жұмсақ және қатаң әдісті ұштастыруды көздеді.            
        Фарабидің ілімі бойынша адамның рухани бет-пердесі, мінезі мен жүріс-тұрысы қоғамдық орта, тәрбие әсері, адамның еркі ауру сияқты көптеген объективтік және субъективтік себептердің әсерімен қалыптасады, өзгереді.Фарабидің пікірінше, тәрбиеге көнбейтін,жөндеуге,түзетуге болмайтын жас болмайды.Тек ретін тауып үйретуден, баулудан жалықпау керек."'Жаман қылық-ол жан ауруы. Бұл ауруды кетіру үшін тән ауруын емдеуші дәрігерге ұқсауымыз керек"-дейді ғұлама. Фараби-"Бақытқа жету жолы" атты трактатында жастарды батырлық,жомарттық, қайырымдылық, қанағаттылық, шешендік, т.б. қасиеттерді қалай тәрбиелеу  жолын баяндайды. Ізгілендіру Фарабидің педагогикалық идеясының негізгі өзегі болған, ғұлама білім берудің ізгілендіру принципіне негізделуі қажет екендігін өз уақытында ғылыми тұжырымдалған ой-пікір-лерімен айқындап кеткен.Міне,бүгінгі таңда Фарабидің көрегендігі мен ғұламалығы дәлелденіп, мыңдаған жылдар өтсе де, жаңа білім беру парадигмасы ретінде ізгілендіру танылып отыр.Әл-Фарабидің педагогикалық ілімі бойынша   тәрбие мен тәлім, білім беру мәселелері өзара тығыз байланысты бір-бірін толықтыра жургізілуі тиіс. «Философияны үйрену үшін алдын-ала нені білу қажет?» деген еңбегінде ол ғылым мен философияны жетік меңгеру үшін бірінші алғы шарт етіп адамның жан тазалығын, ар тазалығын, әдеп-тәрбиелігін қояды. Әл-Фараби балаларды жүйелі оқытуға 7-8 жасынан беруге нұсқаған. Басқа ғылымдарда оқып үйренуде ғұлама ең әуелі тіл мен логиканы біліп алуды ұсынады. Әл-Фараби ғылым, білімді қалай болса солай жаппай жүйесіз үйрене бермей, адамның ақыл-парасатына, мінез-құлқына әсер етіп, практикалық іс-әрекетіне пайдалы болатын жақтарына баса көңіл бөлуді ұсынады. Әл-Фараби "Адам өз өмірінің қожасы, сондықтан өз бағытын өзі жасауы керек. Ол не нерсеге де ұқыптылықпен қарап, жиған-тергенін орынсыз шашпай, кез келген адамға сырын ашпай, өзінің мақсат мүдделері жөнінде достарымен ғана бөлісіп отыруы керек. Осылайша өмір сүрген адамның ғана ар-ожданы таза болады" деген.        
         Әл Фараби өлеңдерінің негізгі тақырыбы өмірдің мән-мағынасы жайлы толғау, оқу мен білімді мадақтау, адамгершілікке шақыру.Адамгершілік турасында дана бабамыздың: "Шын мағынасындағы білімділік-тамаша адамгершілік сипат" деген ұлағатты пікірін мойындай отырып, жас ұрпақты білім нәріне қандыру да педагогикалық парыз екенін ұмытпағанымыз абзал."Ұстаз ескерер тағы бір жайт"-дейді Әл Фараби, бұл шәкірттің мінез құлқындағы жағымсыз мінезді, ұнамсыз қылықты болдыртпау, онда жақсы сипаттардың қалыптасуына мүмкіндік беру. Педагогикалық пікірінде Фараби, әсіресе мінез тәрбиесіне ерекше көңіл бөледі.«Мінезділік бақытты болудың негізгі шарттар-ының бірі. Кейбір адамдар қолындағы бақытынан оп-оңай айырылып қалады, кейде бақытсыздыққа ұшырайды. Оны мұндай күйге түсіретін - өзінің нашар мінезі. Сондықтан, жаны мен тәнін тәрбиелеуді бесіктен бастаған жөн,» - дейді ғұлама бабамыз Әл-Фараби.          
             Х-ХІ ғасырдың аса көрнекті ақыны, есімі күллі шығыс елдеріне мәшһұр болған данышпан-ойшыл энциклопедист-ғалым, белгілі қоғам қайраткері Жүсіп Баласағұн "Құтты білік" дастанында ерекше мән беріп, зор шабытпен жазылған аса маңызды мәселелердің бірі -адамдардың бірін-бірі құрметтеуі, ізет көрсетуі, сыйласуы болып табылады. Атап айтқанда, мұнда жастардың қарттарға, қариялардың жастарға, әкімдердің өз қол астындағы қызметшілеріне, жалшылардың өз қожаларына, балалардың өз әке-шешелеріне, ата-ананың өз перзенттеріне деген ізгі құрметі қандай болу керек деген сауалға жауап берілген.Жақсы мінез құлық, әдептілік, кішіпейілділік ең алдымен адамның тәлім-тәрбиесіне байланысты деп түйеді. Сондықтан жас нәресте өмірге келісімен-ақ оны тиісінше тәрбиелей бастау - әке-шешенің қасиетті борышы екенін айтады. Ақын әсіресе жастарды өркөкірек, тәкаппар, қуыс кеуде болудан көбірек сақтандырады.Кішіпейілділік - үлкенге де, кішіге де, жарасатын қымбат қасиет: «Кісілік қымбат, кішілік қымбат,Ұлық болсаң кіші бол,» Ақын кісіні адамгершілік арнасынан шығарып, жұртқа әдепсіз, дөрекі, надан етіп көрсететін кейбір мінез-құлықтарға көркем сөзбен сипаттама берді. Мұндай жағымсыз мінездер: мал-мүлікке тоймайтын ашкөздік, сарандық, мейірімсіздік, ашушан-дық, т.б деп көрсетеді. Әке-шешеден тәрбие көрген, әдепті жандар қашанда нәпсісін тия білетін, жомарт, бауырмал, сабырлы, инабатты болып келетінін айтады.    
          Ұлы ойшыл Абай адамның өсіп, жетілуіндегі тәрбиенің  рөліне ерекше тоқтала келе, өзінің он тоғызыншы қара сөзінде “Адам баласы туа сала есті болмайды. Естіп, көріп, ұстап, татып, естілердің айтқандарын есте сақтап қана естілер қатарында болады. Естіген нәрсені есте сақтау, ғибрат алу ғана есті етеді”,-деп ақыл-естің тәрбиенің жемісі арқылы жетілетінін ғылыми тұрғыда дәлелдеп береді. Абай “сүтпен  біткен мінез сүйекпен бірге кетеді” дейтін теріс көзқарасты әшкерелеп, адам мінезі өмір барысынан сабақ алып, өзін қоршаған әлеуметтік орта әсерінен өзгеріске енеді, ол іс-әрекет арқылы көрінеді деген тұжырым жасайды. Адам мінезінің түрлерін адамгершілік, моральдық, имандылық тұрғыдан қарастырып, оларды жақсы және жаман деп жіктейді.Әдептілікті, сыпайылықты, құмарлықты,тәуелсіздікті, беріктікті жақсы мінезге жатқызса, сенгіштікті, арсыздықты, мақтаншақтықты, қулықты, жауыздықты т.б. жаман мінез деп есептейді. “ Егер есті кісінің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасына бір, ең болмаса айында бір, өмірді қалай өткізгенің жайында өзіңнен өзің есеп ал” – дейді. Яғни адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің маңызы мен мәніне ерекше тоқталады.Абай: “Адам баласы бір-бірінен ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі ақымақтық”, – дей келе, адамды тәрбиелеудегі қоғамдық ортаның рөлінің ерекшелігін саралап көрсетеді.“Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім  жаман болса, оның өзінің замандас-тарының бәрі виноват”, -дейді. Абай адам мінезінің қалыптасуы тәрбиеге байланысты екенін дәлелдей келіп, өзінің отыз жетінші сөзінде:“Мен, егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім”,  – деді. . Абай адам болам деген әрбір талантты жастың бойында адамшылықтың қандай нәрі, ізгілікті сипаттары басым болу керектігін алғаш рет «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңінде саралап берді.Бес нәрседен қашық бол,Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз,-деп,толық адам немесе инсанияттың кәмелаттығы туралы тезис жазған-ұстаз. Абай дана,қазақтың педагогика тарихында алғаш рет тәрбие оқулығын  жазып қалдырған. Оның ерекшелігі:-жасқа да,жасамысқа да,қарттарға да қажет бәріне ортақ-оқулық Абай адамгершілік, әдептік нормалары жайында көптеген пікірлер қалдырды,оны жинақтап айтсақ:Оның бірінші қоятын талабы - мораль жағынан ұстамды, таза болу, сыпайы мінезді, жақсы құлықты, әділетшіл, шыншыл болу. Әдепсіз, арсыз, байлаусыз, сұрамсақ, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді сияқты жаман мінездер мен әдеттерден, жарамсыз қылықтардан сақтанып, өзін одан жоғары санап, ондай қылықтарды бойына лайықсыз көрсе ғана, адам парасатты болады . Абайдың қоятын екінші талабы - тұрақтылық, "Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегеніне тұрарлық, мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын" дейді.Үшінші талабы - әділетшілдік. Әлеуметтік міндеті - дүниені белсене құрушы адамның бірі болып, халқы, Отаны үшін қызмет істеуі.Ақын мейірімділік қасиетке терең мән береді (төртінші қара сөзі)."Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: Әуелі — надандық , екінші — еріншектік, үшінші залымдылық деп білесің.   Надандық – білім-ғылымның жоқтығын, дүниеден еш нәрсені біліп болмайды. Білімсіздік хайуандық болады.Еріншектік-күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыз-дық, кедсйлік бәрі осыдан шығады.Залымдық – адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан хибасына қосылады. Абайдың өсиетті - адамгершілікке, өнер-білімге, әділеттілікке үндейді. Мазмұны жағынан олар ел тілегі, халық мүддесі, болашақ қамы үшін айтылған адамгершіл ақыл-гақлия сөздер. Абай атамыздың «Балаға көбінесе үш алуан адамнан мінез жұғады. Біріншісі – ата-анадан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі – құрбысынан. Солардың ішінде, бала қайсысын жақсы көрсе, сонысынан көбірек жұғады» деген дана сөзі бар. Сондықтан да, ата-ананың балаға берер тәрбиесінің рөлі жоғары.  
    Адамгершіліктің ақ туын жоғары ұстаған Шәкәрім атамыздың тәлім-тәрбиесінің, ұстаған қағидаларының жас ұрпаққа берері мол. Сонау атадан келе жатқан ұлттық құндылығымыз рухани-адамгершілік байлығымыз. Түркілер туралы орта ғасырдағы көрнекті ғалым Махмұд  Қашқаридың“Түркі тілдерінің лұғатында” былай деген: “Ұлы Тәңір (Тенгри) айтады: Менің бір тайпа қосыным бар.Оларды түркі деп атап, күншығысқа қоныстандырдым.Кейбір тайпаларға ренжісем, түркілерімді қарсы аттандырамын!” Сондықтан түркілерге Тәңірдің өзі арнайы ат қойған. Жер жүзінің ең биік, ауасы таза бөлігіне қоныстандырып,“Өз қосыным” деп атаған. Оған қоса, “түркілер көрікті, өңі сүйкімді, жүзі мейірімді, әдепті, үлкендерін құрметтей білетін кішіпейіл, уәдеге берік, мәрт және сол сияқты көптеген жақсы қасиеттерге ие болған ашық-жарқын жандар”деген.
 «Бұрынғы уақытта – деп жазды Ж. Аймауытов пен М. Әуезов «Қазақтың өзгеше мінездері» деген мақаласында; — қазақ елі ұйымшыл, ері жауынгер, биі әділ, намысқор, адамы ірі, бітімді, қайратты, сауықшыл ел болған екен. Досымен достасып, жаумен жауласуға табанды, қайғыра да, қуана да білетін халық екен » Міне, осы сипаттың бәрін өмірдегі шынайы бейнесі, жан дүниесі, кеудесі шалқақ, асқақ пенде,мейірімді, әділ,  адамгершілігі мол жас ұрпақтың бойында қалыптасқанын тілеген Шәкәрім өлеңдерінің тұнығы-рухани тәрбие. Жаман әдет тастауға ұнасалық! Мына мінез қалай деп сынасалық!  Тұп-тура бетімізге айтысалық!Ашуланбай,ақылмен шыдасалық! Кейде бірге жүрелік, кейде ойналық! Ойнап,күліп кешікпей ой ойлалық! Ойынымыз аз болсын ойымыз көп! Ойдан талап етпеген іс қоймалық!Демек, келешек жас ұрпақ идеялы да берік, еңбек сүйгіш те ақжарқын, күрескер де батыл, абзал жанды имандылық, адамгершілігі мол мұрагер етіп, тәлім-тәрбие беру ісінде ақын өлеңдері құдіретті  құрал ретінде қолданыла береді. «Адамның жақса өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым бола алатын адал-еңбек,мінсіз –ақыл,таза –жүрек.Бұл сапалар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді» -деген. Адамның ішкі жан сырының неше алуан көріністерін еңбектің, оқудың,  білімнің, өнердің адамға тән ынсап, рахым, ар-ұят, сабырлық, ой талаптың ортаға тигізер пайдасы, әсері, ықпалы туралы түбіне жеткізе айтқан адам Шәкәрім Құдайбердіұлы атамыз еді.. Ол: Ынсап, рақым, ар-ұят, сабыр, сақтық, талапқа алты түрлі ноқта тақтық.Сабыр, сақтық, ой талап болмаған жай, Анық төмен болмай ма хайуаннан. Ынсап, рақым, ар, ұят табылмаса, Өлген артық дүниені былғамастан,-деп, адамның қоғамдағы орнын жоғары пайымдай отырып, оған көп жүк артады, мақсат міндет қояды. Олардың орындалуына қажетті шарттарды, жолдарды да нұсқайды. Мысалы : "Анық бақ деп айтарлық үш нәрсе бар: кірсіз рахым, мінсіз сөз, адал еңбек"! Шәкерім атамыз,жас ұрпақтың мінез байлығын игеруде басты қағидасы болушы “Ар ілімін” былай тұжырымдайды: Бірінші-әрбір адамда діни таным болуы қажет, екінші-ғылыми танымы болуы керек, үшінші-“Ар ілімін” меңгеруі тиіс-дейді, және оны үшке бөледі:
1. Мейірімділік.2.Ынсаптылық.3. Әділеттілік, міне осы үшеуі бойында болған адам, нағыз “Толық адам” бола алады.   
          Ж.Аймауытов “адам мінезінің, ақыл-қайратының әртүрлі болуы тәрбиенің түрлі-түрлі болуынан… Адам баласының ұрлық істеуі, өтірік айтуы, кісі тонауы, өлтіруі сықылды бұзақылықтарды жасауы, тәрбиенің жетіспегендігінен ” дейді. Ол тәрбиенің екі түрлі болатынын: дене тәрбиесі және жан (рух)  тәрбиесі болып бөлінетіндігін атап көрсетеді.  Аймауытов балаға әсер ететін нәрсе медресе (мектеп) және тәрбиеші (мұғалім) деп санайды.Автор ең алдымен бала тәрбиесіндегі отбасының рөліне ерекше тоқталады. “Баланы бұзуға, яки түзеуге себеп болатын бір шарт жас күнде көрген өнеге. Ол өнеге әке-шешенің тәрбиесі арқылы қалыптасады. Ата-ананың берген тәрбиесі баланың мінезіне салған ізге байланысты . “Ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі” деп атамыз қазақ тауып айтқан. Балаға қайырымдылықты, қаталдықты, кішіпейілділікті, күйгелектікті, шыншылдықты, өтірікшілікті беретін кім ? Ол, әрине, ата-ананың тәрбиесі.  Баланың бойына басынан сіңірген мінезді қайта түзету қиындық келтіреді. “Сүтпен сіңген мінез сүйекпен кетеді” деген сөз ата-ана тәрбиесінің күштілігін көрсетеді… »-деп автор бала мінезін қалыптастырудағы жанұя мүшелерінің, әсіресе әке-шешенің ықпалын айқын ашып берді. Ол отбасында теріс тәрбиеленген баланы қайта тәрбиелеудің үлкен қиындық келтіретінін айтады.Ж.Аймауытов өнегелі үйелменнен бұзық мінезді баланың шығуы немесе тәрбиесі нашар отбасынан да тәрбиелі, өнегелі баланың өсуі мүмкін дей келеді де, бұл айтылғандар өскен ортаның, замандас, жолдас-жора, құрбы-құрдастың ықпалынан, соларға еліктеуден болатынын дәлелдейді. Тәлімгер-ғалым бала тәрбиесіне туған елдің әдет-ғұрпы мен салт-санасының да белгілі мөлшерде әсер ететінін ғылыми тұрғыдан дәлелдей түскен.  Ойын-сауық, өлең-жырды естіп өскен елдің баласы өнерге бейім болады, діндар елдің баласы діншіл келеді. Жастайынан кемдік, жоқшылық, қағажу көріп өскен ауылдың баласы жасқаншақ, бұйығы болады деп қоғамдық салт-сана, әдет-ғұрыптың тәрбиеге тигізетін ықпалына тоқталады.Ж.Аймауытов “Тәрбиенің негізгі мақсаты – мінезді түзеу, адамшылыққа қызмет ету, адал еңбек ете білуге тәрбиелеу” деген қағиданы қуаттай келіп, “Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек. Себебі, айтып ұқтырғаннан гөрі, бала көргеніне көп еліктегіш болып келеді. Солай болған соң балаға не жақсы мінез болсын, іспен көрсету керек”–дейді.
           Адам-Аллаһтың көркем түрде, ерекше махаббатпен жаратқан жаратылысы. Барлық әлемдердің Раббысы жаратқан мақұлықтарының ішінде адамға ғана ой-сана, ақыл берді. Сөйлеу қабілетіне ие қылды Ислам діні-адамның мінезін бір жүйеге келтірді. Оған дүниедегі өзінің орнын көрсетті. Дін адамдардың ойларын биледі, адам сияқты өмір сүруге үйретті, оның рухын оятты.Дін – адамды оқытушы, оған күш беру­ші ғана емес, дін – адам мен Құдайдың (Алла тағала, Жасаған, Жаратқан) өзара бай­ланысы арқылы, адамды жақсылыққа қарай бастаушы, тіпті, қажет болған жағдайда адамды Құдайдың атымен қорқытып, оны дұрыс жолға салушы.                   
         Алла жіберген әрбір пайғамбарының міндеті-иман мен имандылыққа уағыздау деп саналған. Имандылық-Алла тағалаға иман еткен адамға бітетін көркем мінез.Олай болса.көркем мінез бен биязы әдепті игерудің басы имандылықта жатыр.Имандылық тәрбие адамның өзін-өзі іштей де сырттай да көз жүгіртіп, толықтырып отыратын адам тәрбиесінің жоғарғы сатысы.Біздерге бұл тәрбиеге жету үшін Құран хадис ғылыми еңбектер ұлттық сананы оятатын тәрбиелік мәні бар нәрселерді пайдалануымыз керек. Ұрпақты Аллаға деген сенімінін беріктігін пайғамбарымызға деген шапағатын, ата-анаға деген құрметін ұстзға, білімге деген ұмтылысын өз жерінің тарихына деген махаббатын арттыра білу. Сонда ғана ондай адамнан мейір шапағат, адамгершілік, парасаттылықты, қайырымдылықты күтуге болады. Оған жеткізетін адамның иманды мінез-құлық тәрбиесі. Яғни көркем мінез. Алланың мінезі. Біз қазіргі таңдағы ұрпағымызға керекті имандылық тәрбие.Ол: Имандылық.Парасаттылық. Әдемілік. Әдептілік.Мейірімділік. Инабаттылық.  Салауаттылық т.б. адами құндылықтармен сабақтасып жатыр.Онда иманның мынадай белгісін де бойға тұту керек:Басы-сенім.Нұры-шындық Дәмі-пәктік,тазалық Тірегі-ықылас,ниет,тілек Жемісі-сабырлылық,қайырымдылық Дәрісі-ар-ұят Жапырағы тақуалық. Атамыз қазақ алдымен сырт пен іштің бірлігін пір тұтқан, «иман» ұғымының жан тазалығынан бастау алуын қамдаған, көркем мінез-құлықтарды кемелдендіру үшін келген Пайғамбарымыздың ар тазалығына негізделген имани іліміне адал болған. Содан кейін барып ниет пен амалдың бірлігін өсиет еткен.Қазақта имандылық сөзі,кісілік,ізгілік қасиеттерді білдіреді. Иман - жүректегі нұр, имандылық соның сыртқы пішіні. Имандылық-Аллаһ Тағалаға иман еткен адамнан туған көркем мінез. Имандылық мінезі әрбір мұсылманның бойынан табыла бермейді.Атам қазақтың адамгершілік ұғымын имандылық сөзімен беруінде ерекше мән бар. Өйткені, адамгершілік пен имандылық арасында үлкен айырмашылық бар. Адамгершілік – барлық адамның бойында бола алатын адамның адамдық болмысынан (кісілігінен)туған қасиет.Имандылық әлемнің Жаратушысы, Ұлы Досына деген иман атты сүйіспеншілігінен туған аса ізгі кісілік қасиет.Көркем мінез-шариғатта тым ашық көрсетіледі.Алланың мінезі жұмсақтың, сабыр, айыптарды жасыру.  Су мұзды еріткендей көркем мінез күн оларды ерітеді. (жояды). Ал жаман мінез ғамалды сірке балды бұзғандай бұзады (жояды). Имани қасиеттерге баулу тұрғысында мұсылманшылықтың тигізер септігінің молдығын қазақтың алғашқы ағартушыларының бірі Ыбырай Алтынсаринның "Мұсылманшылықтың тұтқасы" атты еңбегінен анық түсініп- түйсінуге болады. Онда былай айтылған:"...Пенденің көңілінде болатын пиғыл екі түрлі еді. Бірі-көркем,бірі-бұзық сипаты. Аят пен хадисте білдірілген жаман мінездер алпыс түрлі. Мұның бәрін бұл кішкене кітапта баян етуге болмайды, бірақ сол алпыс түрлі жаман мінездің шығатын түп асылы жеті түрлі мінезден десіпті. Біз осы жеті түрлісі турасында ғана айталық:Біріншісі: дінге сенбеу, дінсіздік.Екіншісі: діннен бөлек өз ойынан шығарған уағыз, яки діннен тыс өзбілермендік.Үшіншісі: менмендік, өзімшілдік.Төртіншісі: мақтану, өзін-өзі көрсету. Бесіншісі: қызғаншақтық, күншілдік. Алтыншысы: сараңдық.Жетіншісі: дүние шашқыш-тық, ысырапшылық. Бұларды аят пен хадисте жағымсыз, ұнамсыз мінез-құлықтар деп айтады. Осыларға қарсы құлық жетпіс сегіз түрлі. Олардың шығатын түп асылы тағы да жеті түрлі мінезден болса керек. Бұларды алсақ хамида, яки мақтаулы, игілікті мінез-құлықтар деп атайды. Олар:Біріншісі: имандылық,Екіншісі: жаман мінез-құлыққа қарсылық, яки күй, яғни ең жоғарғы әділдік.Үшіншісі: адалдық, ақ көңілдік. Төртіншісі: сыпайлық, момындық, шын берілгендік.Бесіншісі: адал ниетпен кеңес, өсиет беру, Алтыншысы: жомарттық, кеңпейілдік, қайырым,Жетіншісі: шариғат бойынша дұрыс заңды:Мұнада малын орынды, үнемді жұмсау         
        Иманшаратта: "Құдайға құлшылық еткен пенденің көңілін кірлетпе. Өз сенімі бар адамды сыйла. Еш нәрсеге сенбейтін, ешкімді сыйламайтын мәңгүрттен қорық. Иек астындағыны көрмейтін көңіл соқырларынан құтыл. Қорғансыздың көз жасын төкпе. Ата-анаңа мейірімді, халқыңа қайрымды бол, жасы кіші болса да сен деп сенсіремей, сіз деп ілтипат көрсет. Сіз деп сөйлеу кішіліктің белгісі. Жау іздеме, дос ізде. Билікке ұмтылма, бірлікке ұмтыл. Иманды сенім, ұлшылдық, тазалық, арды - қанағат деп түсін" деген парасатты ақыл кеңестер берілген.          
Хазірет пайғамбар ғ.с. былай деп бұйырған: мен үшін алты нәрсеге уәде берсеңдер жәннатқа кірулеріңе кепіл болайын, біреулерін сөйлегенде өтірік айтпасын, қашанда уағда етсе айнымасын, қашанда аманат етілсе қиянат етпсең. Харам нәрсеге қараудан көздерінді жұмындар, харамнан қолдарынды тыйындар және абыройларыңды қорғаңдар, зиянқор-лықтан аулақ болыңдар. 
       Қазақ халқы - мөдени бай мұрасы, өзіне біткен табиғи ерекшелігі бар, сергек ой, сезімтал жүрек, дәстүрлі тәрбие, әдіс-тәсілдері бар халық.Оны толығырақ түсіну үшін, дүниетаным тегіне үңілген жөн.Көне түріктердің түсінігі бойынша: Дүние негізі, топырақ,су,от,ауадан тұрады.Тәңірі саз балшықтан жаратқан адам осыған сай төрт негізді болады. Ал,мистикалық таным бойынша адам  табиғат туындысы болғандықтан, өсіп өнген, ағаш,жан-жануар тегімен,Жер,Су, сондай-ақ,аспан шырақтары Ай,Күн, жұлдыз-дармен тамырлас келеді.Олармен байланыс,ықпалдастары негізінде Адам әлемінде нешетүрлі түсініктер, пайымдаулар қалыптасқан.Жоғарыдағы төрт текке сай,қазақ адамтану ілімінде кісілерді төртке топтайды.-топырақ тегі басым адамдар:-су тегі басым адамдар;-жел тегі басым адамдар;-оттегі басым адамдар(жел -ауа,от-оттегі).Осы негізде аламдардың мінез-құлқын,қарым-қатынас үйлесімдігін түсіндіреді.Сондай-ақ,әр адамның өзіне тән жұлдызы,ағашы,жан-жануары бар деп көріп,олардың мінез-бітісін соларға оқшату орын алған.Сондықтан,адамның мінез бітісін,тағдырын олардың дене мүшелері мен бет әлпетінен,бедерінен т.б. іздеп анықтау барша халыққа  адамтану амалдарын туғызған. Мұның бәрі,кәзіргі психологиядағы темперамент туралы түсініктің бастапқы нышаны болар..Сондығынан да,Фараби бабамыз «Темперамент туралы» трактат жазған-ды.Бүгінгі психологияда бала мінезін төртке жіктейді.Флегматик(сабырлы)-салмақты, баяу,жайбарақат жүретін  бала,оның эмоциясы бір күйден  екінші күйге ауысуы оңайға түспейді. Флегматикке асықпайтын сабырлылық тән.Сезімі сыртқа шықпайды десе де болады,бірақ ашуланса,оңай жұбанбайды.Холерик(күйгелек)-өте шапшаң,күшті жылдам, жалынды, сезімді бала.Ол-көбіне ашушаң,күйіп-пісуге әзір тұрады,үлкендердің ескертуіне құлақ аса бермейтін, ерекше көңіл  бөлуді талап ететін бала.Сангвеник(ширақ)-бала сезімдері ауыспалы мінезі ашық,көңілді,тез тіл тапқыш,айналадағы жағдайға тез бейімделгіш ,әрбір іске епті,белсенділігі басым,зейінді, қиналмай сөйлей алады.Еңбекке шабытты,тез жалығады, сезімі құбылмалы.Үнемі бір нәрсеге қызықтырып отырмаса, енжерлық,ынтасыздық басады,терең ұғынуға ұмтылмайды,көңіл-күйі құбылмалы, ызақор,ұрыншақ.Меланхолик(тұйық)-баланың сезімталдылығы баяу,кез-келген әсерге жауап бере бермейтін,уайымшыл,мұңшыл,көңіл-күйі ұзаққа созылады. Менмен, өзімшіл,мінезі тұйық, болады.Сезім тереңдігі мен тұрақтылығы,сезімталдық тән,жаңа ортаға бейімделуі баяуМінез құлықтың туған ай,күн,жұлдызға белгілі дәреже де тәуелдігі,өскен ортасының ауа райына,табиғатына байланыстылығы әлдеқашан дәлелденген. Бір оқиға ойға оралып тұр. Т.Жылқыайдар(1895-1963) атамыз Қарқаралының Кентінде өмірге келіп,сонда тұнық табиғат ортасында өсіп-өніп,ғұмыр кешкен адам. Ауылдан ұзап шықпайтын,осы өлкенің көлі мен суын,орманы мен нуын,даласы мен тауын қыстап-жайлап,бала шағынан асыр сап,аунап-қунап, аралап-кезіп, тіршідік етіп ,табиғат сұлулығына малшынып өсті,саналы ғұмыры осында өтті.Атаны ,мен,бір ретте,машинамен Қарағанды қаласындағы інісінің үйіне жеткізіп салдым.Жол бойы жан-жануарлардың тұрғызылған мүсіні,табиғат кескіндері көптеп кезікті.Бәріне зер салып отырған,атамызға бір де-бірі ұнамады. Қарағандының дәл шетіне таяп келгенде,аппақ болдырып күмістей жылтыратып қойған бұқаның мүсіні тұр екен,ата ,өз-терісіне-өзі симай кетті-ау,білем;-пах,табиғатты осылай жа,қорлайды екен,ә!!М-м-м...»деп,орындыққа шегініп отырып, қолды бір сілтеді.Менің ойлағаным:-Япырай,атаның мүсінге деген талғамы неткен биік еді.Табиғатты қорғаңлар, өрттен сақтаныңдар деген жазу бар ,екі суретте,он шақты мүсіннің (марал,бүркіт, тауешкі,ат,т.б.) бірде-біреуінің ұнамағаны қалай?           
          Ата екеуімізді інісі көшеде күтіп алды.Үйге кірдікКіре берістегі дәліздің дәл ортасындағы қарсы қабырғаға ақ ат мінген біреудің суреті ілініпті.Қасындағылардың да,ақ аттының да әскери киімі бар екен.Ештемеге көңілі түсіп,көзі қуанбай келген,атамыз;әлгі суретті тесіле қарап, тамашалап тұрып;--Пай-пай,келістіріп отырып,сызған-ақ,екен!Аттың қылшығына дейін,көзге көрініп,қолға ұстандйтындай,айқын тұр ғой!-деп,масаттана сөйледі.Шал мінезінің парығына бара алмаған,мен,үлкен залға келіп,атаның інісінің жанына жайғасқан соң,бүгінгі бастан кешкен,жәйді,ағатайға әңгімелеп бердім. Ағатайым, сәл жымиып,алды да,әңгімені арыдан бастады:       
     -Бұл аксақалдың осы мінезін ерте аңғарып,ана суретті іздеп тауып,әдейі іліп едім.Бүгін,оны көріп,тамашалап,ағаның мейірленгенін көріп мен де қуанып отырмын. Інішек,атаң ғұмыр бойы табиғат ортасында,одан алыстамай тірлік еткендіктен, табиғаттың сулулығы мен әсемдігіне әбден тойып,көзі қанығып,көңілі марқайған. Табиғаттан асқан сұлулық пен әсемдік жоқ қой,бұл жалғанда!Атаң сол себепті жолда кездестірген,біз қолмен салып,тұрғызған мүсіндер мен суреттерге қанағаттанбайды. Бірақ,шын талант иесінің қолынан шыққан,нақтылы төлтума еңбек, табиғаттан тоят-танған,лаззат алған адамның да,көкейіне қонып,басын игізеді.Бұл,суреттің төл иесі, талантты қазақ,қазақтың шалы сүйсінетіндей дәрежеде сызған, бейнелеген, кескіндеген, жазған.Ал,атаның мінезіне төл табиғаттың еткен әсері,тигізген ықпалы қашан да айқын аңғарылып тұрады,оның еш,оғаштығы жоқ-деп,ағатайым,әңгімесін аяқтады.            
       Адамның қадір-қасиеті, көпшілік жағдайда, мінез-құлқына қарай бағаланады. Талай-тағдырға да оңды-солды әсер етеді. Келісті мінез өмір кеңістігінің төріне шығарады, теріскейлігі қазан-ошақ басынан асырмайды. Демек, мінезді еркінсітпей, әманда, ақылға жүгіндіру ләзім.Әбден қалыптасқан және өмір қалпына үйлесімділік тапқан мінез-құлық “адамның екінші табиғаты – әдетке” айналады. Ол, жинақтап айтқанда, күнделікті тірші ліктегі жөн-жосық, жол-жоралғы. Тұрмыстық қағидалы дағды. Үйреншікті тәртіп. Ұлттық негізді тәлім-тәрбие тәжірибелері.Көркем мінез – адамның эстетикалық-этикалық сәні мен мәні.Бұл тұрғыдан ұлттық деп атауға келерлік бірнеше мінез бітістеріне тоқталайық.
    Қазақ халқы сонау есте жоқ заманнан өзінің қадір – қасиеттерін қызғыштай қорғап, көздің қарашығындай сақтап, бұған шаң жуытпай, өз ұрпағын ауыздандарып келген ел. Халқымыздың ұлттық психологиясының өзегі имандылық пен адамгершілігінің басты белгісі, оның ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық санасының практикалық көрінісі. Әрине «Тауына қарай аңы, заманына қарай заңы», «Әр елдің салты басқа, иті қара қасқа» дегендей, әлеуметтік өзіндік ерекшеліктері болғандығы белгілі.«...Өз ұлтын сүйген адам өз ұлтының бақыты үшін өз бақытын құрбан қылады»(М:Жұмабаев)«Дүниеде туған еліңнен артық ел де, жер де жоқ»(Ғ.Мүсірепов)«Ұлттың мақтанышы – жеке адам мен ұлт үшін бұзылмас заң. Кімде – кім өз ұлтын құрметтемесе және оны мақтан тұтпаса – ол адам сөзсіз арамза қаңғыбас» (Б,Момышұлы)          
         Көшпелі өмір тіршілігі қара күшке мығым, қиыншылыққа төзімді, құбылмалы табиғат жағдайына тез икемделгіш болумен бірге, жан – жүйесі жағынан да жан – жақты жетілген, кемел адамдарды қалыптастырды. Үйде де, түзде де бала ес білгеннен бастап із кесіп, жол қарап, жұлдыз санап өсті. Олардың көзі қырағы, құлағы сақ, қияндағыны шалатын болды. Аң аулап, мал бағып, күнделікті күйбең тіршлікпен жүрсе де жас өскін ақынның сөзін, жыраудың жырын, әншінің әні мен әуенін қалт жібермей тыңдап, ел аузындағы ұғымды мақал мен мәтінді, ертек пен жұмбақты, терме мен шежірені жадында сақтап, халық даналығын өзіне рухани азық етіп отырды. Әрдайым көшіп – қонуға дайын отырған қазақтар үшін аң – құс аулау, мал бағып күзету, жалаңдаған ұры-қары,тонаушыға тап болу-тұрмыстың дағдылы машығына айналды. Әрбір көшпенді әрі жауынгер, әрі малшы, әрі шаңырақ иесі болып саналды.Көшпелі қауым бірін-бірі жақсы білді, әр адамның қадір – қасиеті, оның жасына, жол – жоралғысына, әлеуметтік ортадан алатын орнына қарай белгіленіп отрырған. Мұндай қауымдастық адамаралық қатынастарды қаршадайдан көріп өскен бала да өсе, ер жете келе ортақ мүдделілікті, көзқарас сәйкес-тілігін, кісілік белгісін түсініп, жеке бастың өзіне бұра тартуына мүмкінді