My Best Life #1
жеке
блог

My Best Life #1

Жаңа жыл басталғалы бері, әр адам мерекені тойлап, ертеңі бітпес еріншектікке салынып жүріп, осы уақытқа дейінгі "Қой, құрысын, бүйткенім жарамас, жаңа жылғы демалысты пайдаланып өміріме өзгеріс ендірмесем болмайды. 2018 жаңа аптасынан бастап зиянды әдетімді қоямын, түйбегейлі өзгеремін " деген көп адамның уәделері орындалмай жатыр. Мен де олардың қатарында болғанмын, мына суретті көріп өз-өзімді жұлқып алдым. Осылай жата берсем арманым орындалмай, мақсатым іске аспасы анық. Ертең өкініп қалмас үшін, жарқын болашағым үшін өз ішімдегі қорқыныш, өз-өзіме сенімсіздік тудырып кері тартатын құбыжықтан, бір ұстаса құтылмайтын жалқаулықпен күресуге бел будым.

   Өз-өзіме сұрақ қойып жазғырмау үшін, өз-өзімді алдап, өзгелерге өтірікті сылтауратып кейбірінің мазағына қалмау үшін, талантымды көрсетіп, әлі де тығылып жатқан дарынымның шырағын шағып ұялшақтықтан арылуым үшін осындай шешімге бел будым.

  Ең бірінші саты - өткеніммен қош айтысу.  Бұл саты орындалды, басқа күндері  толықтырулар енгізілуі де мүмкін.

- Телефонымдағы керексіз өткенді еске салатын суреттер, мұңғы музыкадан арылдым.

- Жазуымды өзгерттім.

-Жеке дәптер бастап өз суреттерімді, мотивациялық кестелерімді жаздым.

-Ағылшын тілінің мұғалімі болуға бел байлап, біраз жоспар құрдым.

-Өз заттарымды тиянақтап, керексізімен мәңгілікке қош айтыстым.

Ал сіз өзіңізге ризасыз ба?

 

Біз өмірге бір-ақ рет келеміз.