Өмір қиындықтарын шешудің сыры

Өмір қиындықтарын шешудің сыры
жеке
блог

Өмір қиындықтарын шешудің сыры 

Профессор суға толы стақанды қолына алып, созады. Студенттерінен «сіздердің ойыңызша, бұл стақанның салмағы қандай?» деп сұрайды. 

Аудиторияда дабыр басталды. 

- Шамамен 200 грамм! Жоқ, 300 грамм секілді! Мүмкін 500 грамм!? – деп жауап беріп жатты студенттер. 

- Мұны таразыға салып, өлшемегенше жауапты біле алмаймын. Бірақ бұл қазір маңызды емес. Негізгі сұрақ: бұл стақанды қолымда бірнеше минут ұстасам не болады? 

- Ештеңе! 

- Иә, ештеңе етпейді. Ал егер бұл стақанда екі сағат бойы ұстасам ше? 

- Қолыңыз ауыра бастайды. 

- Ал егер күнімен тұрсам ше? 

- Қолыңыз ұйып қалады. Бұлшықеттеріңіз құрысып, паралич болуы мүмкін, - деп жауап берді бір студент. 

- Күнімен бұл стақанды ұстап тұрғаннан оның салмағы өзгере ме? 

- Әрине жоқ! 

- Мұндай жағдайда не істеуім керек? 

- Бар болғаны стақанды үстелге қою керек. 

- Иә, рас! – деп қуанып кетті профессор. – Өмір қиындықтары да осыған ұқсас. Бір мәселе жайында бірнеше минут бойы ойласаң, жаныңа келеді. Ол азаймайды. Оны шешу үшін әрекеттену керек. Не шешімін ізде, не шеттетіп таста. Сені сал ететін нәрсені жадыңда сақтап жүрудің қажеті жоқ.