Дос болам десең...

Дос болам десең...
жеке
блог

Дос болам десең,

Досынды сыйла қымбаттым!

Досыңа сонда,

Досыммен ғана қымбатпын

Дос балам десең, 

Мендегі доспен достасқын,

Сендегі доспен дос болып сонда тұрмақпын

Достарың көп пе? 

Апырау неткен жақсы едің? 

Досым аз менің...

Досым-ау менің тапшы емін?

Достарыңменен достастыр мен, асылым

Достастыр мені?

Болайын құлың нақ сенің!

Достыққа жүрмін,

Достыққа жүрмін құмартып!

Өлгелі жүрмін,

Өзіме-өзім мін артып...

Жауыздың барып, жанына уәзір болғаннан,

Достардың барып, ауласында өлген мың артық.

М.Мақатаев