Елбасы сенімі – ел сенімі!
жеке
блог

Елбасы сенімі – ел сенімі!

Заманның қай ағыныңда болсақ та, ел көшбасшысыз, көшбасшы елсіз өмір сүрмейтінін білеміз. Бұл бір егіз ұйқас іспетті. Олардың арасында бір-біріне деген сенім, адалдық қалыптасқан. Елбасы әр уақытта еліне сенім артса,  ел әрдайым елбасына сенім артады. Мұны мен өз елім Қазақстаныма қарап айта аламын.

1990 жылдан бастап халқының жанашыры, қорғаушысы болған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бүгін де елі сүйген нағыз ер. Өйткені, дәл осы кісі ғасырлар бойы қанмен келген тәуелсіздікті жоғалтпай, оны бүгінгі күнге дейін нық ұстап отыр және мен әлі де жібермейді деген сенімдемін. Осы елбасымыздың мықты да білгір саясатының арқасында мақсаты айқын, болашағы жарқын елдің тұрғынымыз.

Өз басым бүгінгі күніме ең алдымен жаратушыма, екіншіден ата-анама, үшіншіден елбасыма ризамын. Бүгінгі мен- 1990 жылға дейінгі әр баланың арманы. Біз қазір толығымен он бір жыл бойы тегін орта білім алып, сауатымызды ашамыз. Ішер асымыз, киер киіміміз бар. Ата-анасынан айырылған баланың өзі жетімдер үйінде де жылы жерде білім алып, киімін киіп, тамағын ішеді. Бұның өзі қандай керемет! Біздің елде расымен де ешкім далада жатқан емес.

Осыдан бір отыз жыл бұрын мұндай өмірді тек арман болатын-ды. Осы арманды іске асырған елбасымызға айтар алғысымыз шексіз. Мемлекетіміздің әрбір азаматы бұны біледі. Халық арасында Президентімізге деген құрмет әнмен де, өлеңмен де өрнектеліп айтылып жүр. Оны балабақшадағы баланың өзі нұрлы сұлтан ретінде таниды. Міне, осындай елбасы мен елдің арасындағы құрмет- мәңгілік елдің белгісі. Одан әргі президенттеріміз де ата-баба аманатына қиянат жасамай, тек гүлдетіп, өрбіте береді деген сенімдемін. Лайым солай болғай!