«Sharapat» тобы: "Дәстүрлі әндерімізді әлемге танытуды мақсат етеміз" (видео)

«Sharapat» тобы: "Дәстүрлі әндерімізді әлемге танытуды мақсат етеміз" (видео)

Күні кеше Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорында «SHARAPAT» этно-рок тобының «Сарыарқа» үнтаспасының тұсаукесері өткен еді.

«Sharapat» этно-рок тобы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының грантына ие болған еді. Үнтаспа Қордың қаржылық қолдауымен жазылып, "Сарыарқа" деген атқа ие болды.

Бұл жаңа топтың репертуарына қазақ халық әндерін қазіргі заманғы және этно-рок арқылы жаңаша аспаптармен, яғни электрожетіген, бас электродомбыра, соло/ритм электродомбыра және соқпалы аспаптардың ырғағымен, жанды дауыспен орындау кіреді.

Жаңа шығармашыл топтың өсуіне, алға қойған тамаша мақсатына жетуіне шын жүректен тілектеспіз!

Сурет: Massaget.kz

Видео: Бауыржан Жақсымбет, монтаж: Нұрбол Нұрмаханұлы

Ф. Абилова