Телефонсыз бір күн...

Қазіргі қоғамда телефон адамдар арасындағы ең басты қатынас құралдарының бірі.Сөйлесу,әңгімелесу осы құрылғы арқылы өтеді.Соның кесірінен адамдар арасындағы жақындық,сыйластық азайып бара жатқандай көрінеді.Ал сол телефонсыз бір күн өмір сүріп көріңізші.Таңертең достарыңмен әңгімелесіп,ашық сырласып көріңізші.Сонда ғана сіз шынайы өмірді,соның ішінде,шынайы адамдармен біте қайнасасыз.Сол арқылы,тың дүниелерге куә болып,жақсылыққа,еңбекке ұмтыласыз.Осы дағдыны ертең де қайталаңыз.Сонда ғана сіз нағыз тұлға болып қалыптасасыз.



Бөлісу: