Алуан алуан кəсіп бар, таңдай біл де, талап қыл...

Қайырлы күн, айбынды Алаш жастары!
Көп рақмет пікір қалдырып, сұраныс жасағандарыңызға) Алғашқы сөз қозғайтын  мамандығымыз-сəулет өнері немесе архитектура. Жоғарғы оқу орындарында 5В0422000 нөмірлі кодпен танымал архитектура мамандығы. Оқу жылы: 5 жыл.
Сəулетші болу үшін ең алдымен физика жəне физикалық математика пəнін тереңірек білу керек. Жəне де шығармашылық емтихан! Сəулетші -қазіргі таңда сұранысқа ие мамандықтар ондығына кіреді. Себебі , осы таңда қалалар мен орталық аудандарды көркейту бағдарламасы жаппай етек алуда. Қазақ елінде зəулім ғимараттар бой көтеріп келеді, жəне де сол сəулетшілердің еңбегі. Деректерге сүйенсек, 1935 жылы  республикалық "Қазақстан Архитекторлар Одағы" атты ерікті шығармашылық ұйым құрылған. Көптеген атақты сəулетшілер бас қосып, бір жеңнен қол, бір  жағадан бас шығарып  жұмыс жасаған. Сол орайда ұйымның 14 мүшесі "Қазақстанның Еңбек сіңірген архитекторы" марапатымен марапатталған. 42 архитектор КСРО жəне Қазақстанның Мемлекеттік  сыйлықтарының иегері атанған. Менің ойымша, сəулетші болу үшін фантазияға жүйрік болу керек. Сурет салу,сызу өнеріне бейімді болған жөн. Ешбір қайталанбайтын сарайлардың , өзгеге ұқсамайтын сəулетті  ойлап жасап , жобаға  алу
олда қара термен жасалатын еңбек қой. Көздің жауын алатын жобамен айналысып, қоғамның дамуына  күн демей,түн демей   зор үлесін қосып жатқанда осы архитектура саласының шеберлері. Жақсылап саралап,  қалаған мамандығыңызға бет бұрыңыз! Бұны шағын кеңес деп қабылдаңыздар!
Қиялыңыз ұшқыр, суретке ынтаңыз мол, жауапты, ойлы азамат(ша) болсаңыз , сіздің орныңыз осы жерде! Егерде ,  архитектураны таңдап білім алып жатсаңыз: Сізге шын көңілден таусылмас күш, бітпес шексіз идеялар тілеймін!!!
Болашақ жастардың қолында!
Жастар білімнің жолында!
РАҚМЕТ



Бөлісу: