Ұлттық мүдде (қайран қазағым)
жеке
блог

Ұлттық мүдде (қайран қазағым)

Ұлттық мүдде ...

         "Алаш" жетекшілерінің бірі Міржақов Дулатов Бутырск түрмесінде жазған хатында былай деп баяндаған: "... Мен өзімнің құлдыққа түсіріліп, езгіге салынған бейшара халқымның осы құлдық жағдайдан шығуына көмектесуді өз борышым деп санаймын, ал қазіргі Кеңес үкіметіне қарсы күрес деп отырғанның бәрі менің қазақ ұлтының дербес, тәуелсіз, бақытты жағдайда көргім келген тілегім ғана"

        Қайран Ахмет, Жүсіпбек, Әлихан, Халел, Мағжан, Міржақып, Сәкен, Шәкәрім сынды ұлт зиялылары еліміздің ұлттық мүддесін қорғаймыз деп тағдырын тар қапасқа тарылтып, өмірлерін ұлты үшін қиды. Мейлі, ол заман орыстың басқарған заманы. Ал қазірше ?! Өз алдымызға егемен елміз. Бірақ заң әлі де ұлттық мүддеміздің жағында емес. Өзге ұлттар өз жерімізде қаншама рет қазақты қорлап жатса да, істі болатын, жауапқа тартылатын, түрмеге тоғытылатын баяғы қазақ. Оның мысалы кешегі үндістердің істері. Оған дейінгі тәжік, ұйғыр, күрдтердікі қаншама. Осыларға ашынып, жауап қатқан қазақ жастары екі ортада қылмыскер атанады да кетеді. Ал оның бастауын неге қазбаламайды, ұлттық мүддемізді неге ескермейді?

       Өзге елде бірінші кезекте өз ұлтының азаматын жұмысқа орналастырады.Ал бізде, Астананың өзінде, орысша сайрап, ағылшын тілінде жайнап тұрмасаң, боқ жууға да жарамайсың. Екі тілге де шорқақ кім, әрине ҚАЗАҚ ... Ұлттық мүддесі қорғалмаған, жақсы, таза іс атқармаған, еліміздегі тұрақтап қалған мына қонақтардан (өзге ұлттардан) "Ұлттық мүддеміз" жоғары қойылмайынша, қазақты жарқын болашақ күтеріне СЕНІМСІЗБІН ...