«Қартаймайтын» Хопкинс бар атағынан айырылды (видео)

О Сансызбай Корреспондент
«Қартаймайтын» Хопкинс бар атағынан айырылды (видео)

49 жастағы америкалық боксшы Бернард Хопкинс ресейлік боксшы Сергей Ковалевтан жеңіліп, IBF және WBA тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерінен қол үзді.

БӨЛІСУ

Атлантик-Ситиде өткен жекпе-жекте 31 жастағы ресейлік боксшы төрешілер шешімімен (120-107, 120-107,120-106) жеңіске жетті. Нәтижесінде WBO жүйесі бойынша чемпиондық атағын қорғап қана қалмай, Бернард Хопкинстың иеленіп келген белбеулерін жеңіп алды. Дүниежүзілік бокс қауымдастығының президенті Пако Валькарсель боксшының «Суперчемпион» атағын иеленгенін де мәлімдеді.

Алдына ала белгілі болғандай, Бернард Хопкинс бокс кешінен кейін 1 миллион АҚШ долларын иеленетіні айтылған-ды. Ал жеңіске жеткен Сергей Ковалев 500 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы алады.

Естеріңізге сала кетсек, «қартаймайтын» Хопкинс ресейлік боксшыны жеңер болса Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға емеурін танытқан болатын. Өз кезегінде отандасымыз да қарсы емес екенін жеткізген-ді.

Сурет: rus.delfi.ee