Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Мені жүзуге үйреткен әдіс өмірімді өзгертті

Мені жүзуге үйреткен әдіс өмірімді өзгертті

Мені жүзуге үйреткен әдіс өмірімді өзгертті

Жалпы суға шомылудың дәл уақыты. Күн ысып, төбеден өткен сайын көңілде бір күдік тұрады. Жанып кетпей тұрып суға шомылу керектігін ескересіз. Бірақ шомылайын десеңіз қалай малту керектігін білмейсіз. Оны үйрену үшін арнайы курсқа жазылу керек. Ал қазіргі заманда арнайы курс дегеннің бәрі ақша. Не керек жылау үшін де ақша керек...

Мен сіздерге пайдасы тие ме тимей ме білмедім, бірақ ТЕГІН КЕҢЕС айтайын деп отырмын.

4 сынып оқып жүрген кезім. Суға шомылуды білмеймін. Қара Ертістің бойында өссем де сонда барып шомылмаппын. Мүлде олай десем де ұят. Бардым бірақ, жағасында аяқты суға малып қойып отыра беретін едім. Қыз біткен келіп суға шомыла бастаған кезде өтірік болсын қолымды су астындағы жерге тіреп, жүзген секілді кейіп танытып жүрдім. Осы қылығымды нағашы ағам байқап жүрсе керек, бір күні ағынды өзенге балық аулаймыз деп алып кетті. Ештеңе ойда жоқ бардым. Барсам ағынды өзеніңде балық емес, құжынаған қыздар-жігітер жүр. Іштей алданып қалғанымды білдім. Бірақ сонда да бала көңіл қызық көріп еріп келдім. Ағам менің шешініп суға түскенімді күтіп отырған. Оны байқап отырған мен жоқ. Суға енді жете бергенім сол еді, қолтықтың астынан көтеріп алып келіп, судың ортасына қарай барды да, ештеңе деместен терең әрі ағын қатты болмаса да ағынды суға лақтырып жіберді. Сырт көзге адам өлтіру процесі секілді көрінген көрініс, әдіс-тәсіл екенін ешкім байқамас еді.

«Өлдім» деп ойладым. Жылайын десең су астында жылаған ерсі екен. Батып барам тұншығып жатырмын. Ағам қарап тұр. Ағамнан алшақтап барам, су тереңдеп барады. Ең қызығы өмірім жүзіп білмейтін мен құлашты қалай сермеп, аяқты қалай қимылдатқанымды білмеймін, судың бетіне өз күшіммен шықтым. Тіпті жүзіп кеттім. Қанша жыл үйрене алмай жүрген дүниені арасы бес минутта үйреткен ағамның әдісіне таң қалсам да, осындай қатыгездігін түсіне алмадым.

Айтайын дегенім бұл емес, сол әдіс, сол су менің өмірлік ұстанымдағы бір бөлікке айналды. Осы күнге дейін білмейтін дүниемнің ортасына түскенді жақсы көремін. Әрі тез үйреніп алуға тырыстым. Бәлкім мен ағамның алдында қарыздармын. Себебі ол маған суға жүзуді ғана үйретті. Өзіммен жасты қыздардан ұялмай жүре алу үшін, жүзіп білетінімді көрсету үшін... Бірақ ол өмірде адамдардың алдында ұялмай бәрін білуге талпынатын, сырын білмейтін аттың жамбасын сипап тұрып, тепкі жесе де төзімді інісі өсетінін білген жоқ... Мен де білге жоқпын.

Жұмыс пен еңбектің оңайы жоқ. Қиын болса да істеңіз. Себебі арты жеңіл болады. Адам тозаққа да үш күннен кейін үйреніп кетеді дейтін сөздің ең жұқа түрі осы болар. Бір білерім екі қолы мен екі аяғы, санасы бар тіршілік үшін қиындық бір сәттік дүние ғана.

Бір сөз бар еді ғой : «сенің қалай ұрғаның емес, соққыны қалай қабылдай алғаның маңызды» деген. Бұл сөзді күнде еске түсіріңіз! 

Рейтинг: +5

Жазылған уақыты: 11 шілде 2017, 17:24
Тегтер: Марғұлан Ақан, Ақан Марғұлан, жүзіп үйрену, блог, өмірімді өзгертті, өмірді өзгерткен дүние, әдіс,
Пікірлер
+1
11 шілде 2017, 17:50

көз қорқақ, қол батыр дейді ғой!АДАМ БАЛАСЫ барлық қиындықты жеңе алады!

+0
11 шілде 2017, 19:49

Мен сол судан қашумен өткіздім өмірімді. Бір оқиғадан соң да үйдегілер қыстамады. Әйтпесе, бәрі біледі үйде жүзіп

+1
12 шілде 2017, 10:57

Иə, өмір үшін күрес көп нəрсеге үйретеді.

+1
12 шілде 2017, 19:06

Бір ғана мысал, көп нәрсені үйренуге себепші болады. Бірақ, біз адамдар, тым жалқаумыз. Басымызға іс түссе, бірден жылап шыға келеміз. Күресу дегенді білетін адамдар қоғамда кемде-кем...

+0
13 шілде 2017, 01:40

дәл өзі!

+0
13 шілде 2017, 22:12

ғибратты, тегін) іште мақтаныш, жігер оянды. Сізге, ағаңызға құрмет те қалыптасты. Жақсы жазба

+0
19 шілде 2017, 07:49

Менде осыған ұқсас оқиға болған, жүзуді биыл үйреніп алдым

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.