Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Жәннатқа апарар жол

Жәннатқа апарар жол

Жәннатқа апарар жол

 Қара қазанда қайнаған ыстық ас сияқты жер шарында  қайнап жатқан күйбең тіршіліктің де соңы боларын үнемі іштей сезетінмін.Кішкентай кезімде әкем:"Қызым,тірі күніңде тірлігіңді жасасаң, ертеңгі күні мына бақ сияқты ғажап жерде мәңгі өмір сүретін боламыз.Ол жердің суы-мына бұлақ сияқты тап-таза,дәмі балдан да тәтті болады.Ол бақтың аты-жәннат"-дейтін.Онша-мұншасын саралай алмасам да бала кезімнен құлағымнан құйылып санама себілген дән есейген шағымда аңды-солды ажыратуға бағыт беретін азыққа айналды."Осы адамдар жәннатқа апаратын жолды іздеудің орнына тозақтың отына топ етіп түсіретін қолға жармасатыны несі?",-деп ойланам кейде.Алматының алақан ыстығындай 35⁰С-на шыдай алмай жалаңаштанып жүрген жандар, айдаhар деміндей тозақтың 1000⁰С отына түскенде не болар екен?Өлімнен құтылуға қанша тырысса да,ақыр соңында мәңгі өмірдің болмайтынына көзі жеткен Қорқыт та барар жері-көр екенін мойындаған.Бүгінде төрде жалпайып отырған жандардың соңғы мекені сол көрде болары рас емес пе?!Ойлаудың өзі-қорқынышты...Бірақ  дәл осы қорқыныш о дүниені,ахиретті есіме түсіріп тұратындай...

 "Бізді о дүние не волнует!" деген жандардың басына қиындық түскенде "Е,Тәңірім" деп қол жайғанын да көрдім.Пендеміз ғой,қателесеміз,шалынамыз...Маңыздысы-қателесу емес, қателікті түсініп6дер кезінде тәубеңе келіу деп ойлаймын.Бір қызығы-Алланы ойласақ немесе дұға тілесек қол жайып аспанға қараймыз."Е,Аллам ,жасаған күнәларымды кешіріп,жәннаттан орын нәсіп ете көр", "Е,Аллам,жасаған әрекетімді берекелі ете көр" деп,жалбарынамыз.Біз оны көрмейміз, естімейміз де, оның қайда екенін білмесек те, аспанға қараймыз,бәлкім,жеті қат аспанның ар жағында шығар деп ойлаймыз,жүрегімізбен сеземіз,иманды сезінеміз.Міне-Жаратушы құдіретінің шексіздігі.Осы жұдырықтай ғана жүректегі иман-жәннатқа апаратын ең ұлы жол деп білем.

 Жәннат,оның кереметтілігі туралы көптеген хадистер,оған апаратын ізгі амал-қасиеттер бар.Алайда ,ішінде тек оған апарып қана қоймай,өзіңді мына жарық дүниеде Алламен байланыстыратын дәнекер-иман екенініне кәміл сенімдімін."Ислам-жер жүзінде,иман-жүректе" демекші, дінді бәріміз бірдей қабылдаймыз,бірақ иманды бәріміз бірдей қабылдамаймыз.Оған дәлел ретінде мына бір оқиғаны айтайын:"Жақында дәрігер қабылдауына кезекті отырғанымда орта жастағы бір әйел мен баласы келіп кезекке тұрды.Уақытты қысқартапақ оймен екеуі біраз әңгімелер айтты.Кенет баласы анасына:"Мама,сіз мұсылмансыз ба?" деп сұрақ қойды.Анасы ойланбастан жауап берді."Ал оны қалай дәлелдейсіз?"-деп сұрады баласы бір кезде.Сонда анасы:"Мен-мұсылманмын,өйткені менің ата-бабам-мұсылман болған" деді.Баласы басын шайқап дұрыс емес дегендей ишара жасады.Иә,дін бәрімзіде бар,бірақ иман жоқ!Біріміздің иманымыз қарағайдай мықты болса, біріміздікі-құтырып соққан дауылдан кейін-ақ оңбай сынатын ағаштың бұтағы секілді әлсіз.Бірінің тамыры әу бастан-ақ Жаратушыға деген сеніммен,махаббатпен суарылып,жалған фәнидің жасандылығын жарып шықса,бірінің тамыры серік қосу,өтірік,арақпен суарылып пендешіліктің жетегінде кетті.Бірінен балауса көктемнің ерте шағында жаңа түскен келіндей иілген көкала өсіп шықса, бірінен адам қарауға жиіркенетін шірік өсіп шығады.Ондай иманның барар жерін білмесем де,бір білерім Жәннатқа апарар ең ізгі жол-Алла деп соққан жүректегі иман...

0
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 19 маусым 2017, 20:14
Тегтер: жәннат,сенім,иман,жүрек,ниет,ой,монолог

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.