Интуицияны дамыту жолдары

Интуицияны дамыту жолдары

Өмірімізде сан алуан жағдайлар болып тұрады. Кей кезде белгілі бір мәселенің шешімін таба алмай жүреміз. Сондай кезеңдерде бізге үнемі интуиция көмекке келеді. Ал ішкі дауысты ести білу әркімнің қолынан келе бермейді. Сондықтан сізді интуицияны дамыту жолдарымен таныстырамыз.

Нейробиология бойынша интуиция  – логикалық негізділіктің жеткіліксіз кезінде қандай да бір мәселені шешуге көмекке келетін ішкі дауыс.

Логика өзінің шешімін қабылдағанша, интуиция бізге дайын жауабын беріп отырады. Бірақ көп жағдайда біз «бұл – ақымақтық», «бұл менің қолымнан келмейді» және тағы басқа ойлармен оны қайтарып тастаймыз. Егер сіз интуицияңызды дамытқыңыз келсе, ең алдымен, оны қабылдауыңыз керек. Оған сенім білдіре отырып, үйреншікті әрекеттерден бас тартуға және көпшіліктің пікіріне қарсы шығуға дайын болуыңыз керек.

Бұл тұрғыда ең бастысы, тілек пен интуицияны ажырата білу. Тілек – сіздің қалауыңыз болса, интуиция – бейсаналық анализдің, саралаудың нәтижесі.

Интуицияны дамытудың мынадай жолдары бар:

Өз-өзіңізбен болатын уақыт табыңыз

Ішкі дауысыңызды естіп үйрену үшін кей кезде қоршаған ортадан алшақтап, миыңыздан бүкіл артық ойды шығарып тастап, өзіңізбен өзіңіз жеке қалуыңыз керек. Статистика бойынша интроверт адамдардың интуициясы жақсы дамыған екен. Осыған орай Софи Бирнхам атты «Интуиция өнері» еңбегінің авторы күнделікті қарбаластықта ішкі дауыс тұрмақ, логиканың беретін жауабын да қағып ала алмайсың деген еді.

Қызыққұмар болыңыз

Интуициясы дамыған адамдардың басты ерекшелігі – олар үнемі ұсақ-түйек нәрселерге назар аударады. Олар маңызды күндерді, апталық жоспарларды ұмытуы әбден мүмкін, бірақ кітапты жапқан кездегі мыжылып қалған бет естерінен кетпейді немесе әріптесінің галстугы бүгін өзгеше байланғанын байқайды. Жан-жағыңызға қызығушылықпен қарауды әдетке айналдырыңыз. Сіздің үйіңіздің қасындағы дүкеннің есігіне жабыстырылған хабарландыру әлі тұр ма? Есіктің алдында отыратын әжейлердің бүгінгі талқылап жатқан мәселесі қандай? Кешке дейін аулада ойнайтын Диасты анасы бүгін ертерек шақырды ма үйіне?

Жалғасы бар...

 

Дайындаған: Фариза Әбілова

Сурет: stud-dd.ru

Ф. Абилова