Бақыт деген қазіргі сәт

Бақыт деген қазіргі сәт
жеке
блог

Бұрын журналистикадан сабақ алғанмын Алматыда. Сол кездегі суреттерді қарап отырып, мына суреттегі бақытты кездер екен ғой деген ой келді. Уақытты кейін айналдыра алмайтыныма өкіндім.

-Не көріп отырсың?-деді бұйрабас досым телефоныма үңіліп.

-Жәй, ештеңе!

Досым, мен бірнәрсені ұқтым.

-Не ол?-деді ентелеп.

Бақытты әркім әрқалай түсінеді ғой. Біреуге машина алса, одан артық бақытты адам жоқ. Енді біреулері армандаған бұйымы қолына түссе төбесі көкке жеткендей қуанады. Ал, маған бақыт- дәл осы сәт. Адам болған соң қуанасың, жолың болмай өкінесің. Бірақ, сабыр етіп әрбір сәтке қуана білу керек сияқты. Сәтсіздікке ұшырасаң, түк емес бәрі уақытша. Жұрт  сыртыңнан күліп, кекетсе елеме. "Ит үреді, керуен көшеді". Осы сәтіңді бағала, күл, барлық мүмкіндіктерді пайдалана біл, сен ешкімге міндетті емессің, саған ешкім міндетті емес.

 Досым сол кезде бір қызды ұнатып, емеурін таныта алмай жүрген еді.

-Мәссаған, осы жолы айтам жүр кеттік,-деді қуанып. 

Әрбір сәтіңді бағала. Менде сөйтем!