Қазақстандық You tube жұлдызы!
жеке
блог

Қазақстандық You tube жұлдызы!

     Бұл Қадірбек Назиров. Көпшілік Kadrin Jacson лақап атымен білетін, Қазақстанға танымал жас биші. Бұл жігіт көптеген танымал клиптермен өнер жұлдыздарына cover жасап жүрген cover биші, пародист. Қадірбекті алғаш рет You tube желісінен Майкл Джексонға пародия жасап, поп жұлдызға еліктеп жүргенін көріп байқағам. Кейіннен той думан, концерттік бағдарламаларда биімен көптің көңілінен шығып жүрді.

     PSY Әлемді дүр сілкіндіріп аз уақытта танымал болған Gangnam Style клипінеде алғашқылардың бірі болып сover жасап, аз уақытта You tube видеохостингінде үлкен көрілім жинап үлгерді. Көпшілік видеоның тек сапасын жақсы камерамен түсіріп, кәсіби актерларды ойнатқанда деген секілді сынды ғана айтқанымен, жалпы клипке көңілі толатынын, жас биші Қадірбекке сәттілік тілеуші болды. Осы аз қателігін Қадірбекте келесі жолы қайталаған емес. PSY-дың кезекті танымал клипі Gentleman шыққан уақытта Қадірбекте осы клипке кезекті cover жасапта үлгерді. Осы жолы өткен қателікті қайталамай сапалы видеокамерамен және облыстық театрдың кәсіби актерларында клипке түсіріп өте жоғары деңгейде клипке пародия жасап шықты. Осы клиптер арқылы Республикаға танымалдығы арта түсті. Бірақ Қадірбекке танымалдық емес, ол өзінің биімен cover жасап, өзін жаңа қырынан байқап көргісі келді. Және сол мақсатқа жете білді.

Әлемге танымал тағы бір жұлдыз Bruno Mars-тың Uftown Funk клипіне cover жасап  сол арқылы өз өнерінің биігіне шыға алды. Қадірбек Назиров ек шетелдік жұлдыздарға ғана емес, еліміздің танымал әншісі Қайрат Нұртасқада пародия жасап ерекше биімен көпшілік қошеметіне ие болды. Әншінің өзі де отандық бағдарламалардың бірінде Қадірбекке өз ризашылығын білдіріп оған қолдау көрсеткен. Кейіннен жастар арасында көптеген танымал әндердің клипіне пародия жасап одан әрі өз өнерін шыңдай түсті. Қадірбек пародия жасаған әр клипіне Атырау қаласының ең тамаша, ең танымал жерлерін түсіріп, өзін ғана емес, өзінің туған қаласында таныта түсті. Бұл біздің Атырау үшін үлкен жеңсі, әрі мақтаныш. Қадірбекке үлкен шығармашылық табыспен, өнер әлемінде тек биік белестерді бағындыра берсін демекпін.

Толығырақ,Қадірбектің ресми You tube каналынан көре аласыздар;