ҚазҰУ - жарқын болашақтың мекені!
жеке
блог

ҚазҰУ - жарқын болашақтың мекені!

 

   Өмірде адам екі нәрседен жаңылмау керек.Бірі-жар таңдау болса,екіншісі-мамандық таңдау.Мен мамандық таңдаудан және сол мамандығымды шыңдап,үлкен өмірге тәрбиелейтін оқу орнын таңдаудан қателеспегендігіме кәміл сенемін.Мен Алатаудың баурайында орналасқан киелі мекен Қазақ  Ұлттық Университетін таңдадым.Білім ордасы нағыз білімділер мен дарындылар мекені. 82жылдық тарихы бар қара шаңырақта 2500-ден астам білікті оқытушылар мен профессорлар сабақ береді.

   Осы оқу орнына түскеніме,аңсаған арманымның орындалғанына қуанамын.Университетте он бес факультет бар.Және де 180 сала бойынша білім алуға

  болады.Университет қабырғасында «100кітап» және«Айналаны нұрландыр» жобалары ұйымдастырылған.Оқуға түскелі бірде-бір адамның бос жүргенін байқамаппын.Бірі кітапханада отырса,енді біреуі қоғамдық жұмыстарға араласып жүреді.Әсіресе,қызу қарқынды жұмыс біздің факультетте жүріп жатады.Бірі «Әл-Фараби»студенттер радиосына эфирге шығуға асықса,енді бірі «Әл-Фараби» телеарнасына дайындалып жатады.

  Ең қатты қызыққаным-бағалау жүйесінің әділдігі.Бір аптада сабақ айтып бағаланбасаң,жүйе жабылып қалады.Әр аптада бағалануға тырысамыз.

  Кішкене қалашықта студенттерге барлық жағдай жасалған.Оған дәлел «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы. Тағы бір қуантарлық жайт «Әл-Фараби кітапханасы».Кітапханада кітап қоры өте көп.

  Қазақ Ұлттық Университетінің жастары-ең білімді,дарынды,талантты,талапты,ізденімпаз.  

  Мен  осы оқу орнын таңдағаныма қуаныштымын.