Мені алаңдатқан мəселе.

Мені алаңдатқан мəселе.
жеке
блог

Қыз тəрбиесі күрделі мəселе.

Жаңа туған нəрестесін жол бойындағы əжетханаға тастап кеткен жас келіншектің қатыгездігін естіп,шошындық.Жаратылыста жаны барлардың ішіндегі ең биігі адам.Ал,санасы жоқ жануарлардың ішіндегі еі сорақы əдеті бар көкек құстың өзі жұмыртқасын көрінген жерге лақтырмай,кез келген құстың ұясына туып кетеді.Осы оқиғаның жанға салған ызғары басылмай жатып,бұдан да сорақы сұмдыққа əлдеқайда жас қыздың барғаны жаға ұстатты.Оқушы қыздың құрсағынан жаңа шыққан сəбиді елу жастағы анасы көліктен тас жолдың үстіне лақтыра салған.Бейкүнə шақалақ жарық дүниеге көзін ашып үлгермеген.Аң екеш аң да төліне жасамас асқан қанішерлік қаракетті адамның істегені жанға батады.Ұлттың ұяты-қыздарымыздың тəрбиесіне тек ата-ана ғана емес,жүрген ортасы да тікелей əсер етеді.