Бұқаралық Ақпарат Құралдарының жастарға әсері

Бұқаралық Ақпарат Құралдарының жастарға әсері
жеке
блог

  Бұқаралық ақпарат құралдары адам өміріне терең еніп, онымен тығыз байланысқа түсті. Ол әр адамның өміріне дерліктей әсерін тигізеді. БАҚ бізге шексіз ақпарат беріп, білімімізді  ұлғайтудан басқа дүниетанымымызды кеңейтеді. Біз ол арқылы жаңалықтарды жылдам біле аламыз. Алайда БАҚ ішінде керексіз, жалған, тұтынушыны түзу жолдан бұзатын ақпарат жеткілікті. Бұл кішкентайлар мен жастарға үлкен қаупін тигізеді. Бірақ неліктен ?                              

  Кішкен тайлар мен жастар әлі толық жақсы мен жаманды ажырата алмайтынын әр адам біледі. Бұл БАҚ-пен де тығыз байланысты. Тұтынушы керекті мен керексіз ақпаратты сұрыптай алғын жағдайда ғана БАҚ адамға пайдасын тигізе алады. Жастар керексіз ақпаратты қабылдап, жалғын білім немесе дұрыс емес дүниетанымға ие болу қаупі бар. Бұл жастарға кей жағдайларда зардабын тигізіп жатады. Ойындар, теледидар жастарға өте зиянды әрі қауіпті деген стереотиптің ең негізгі себебі осы болып табылады. Жастарға  көру қызығырақ болғанан кейін, көпшілігі теледидарға жүгінеді.

      Егер сіз балаңызды осы қауптен аулақ ұстағыңыз келсе, теледидарды бірге тамашалап , газет-журналдарды бірге оқып отыруға тиіссіз. Бала ақпаратты өзгеше түсінумен байланысты, әр БАҚ тұтыну сайын баламен ақпаратты талқылап, баланы түзі жолға тұрғызу керексіз. Бұл болашақтағы жастың ақпаратты толықтай қолдануға мүмкіндік береді.