Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Тәуелсіздік? (Студент монологы)

Тәуелсіздік? (Студент монологы)

Тәуелсіздік? (Студент монологы)

Ой түзелсе, өрлер сенің бағың да!

Мұхтар Шаханов

Тамаша деп айтылсын деген рия мен тартымсыз деп сыналар деген қорқынышқа тәуелді болмауға барымды салып, алғашқы монолог блогымды жазуды жөн көрдім. Осы екеуі де, айтса екен мен айта ма екен, қанша адамның алды-артың көлегейлеп, соқыр қылды екен?.. Жарайды, оны сосын ойланармын, алғашқы ойымнан ауытқымайын.  

Мен тәуелсізбін бе?

Өзімді тәуелсізбін деп ұяттың шекарасынан шығып кетпесем екен. Бақылаушы ата-анамнан алыстаған, күш-жігерім мол жастық шағымда, осы студенттік жылдарымда еркіндікті қуамын деп құлқынымның құлына айналып кетпесем екен. Ең бастысы жалған сезім мен жалған сенім жетегінде кетпей, қарапайым адам болып қалсам екен. Бірақ, қалай? Ол үшін нені білуім және не істеуім керек.

Нені білуім керек?

Тарихыңды үйрен! Тіліңді, дініңді, діліңді, әдебиетіңді, мәдениетіңді толық қамтыған тамыры терең тарих. Асау болып ағып, зулап өтіп жатқан өмір өзеніне батып кетпес үшін өткеннен мұра болып қалған кемеге мінуім тиіс! Тарихымды танымай тұншығып қалмас  үшін. Тұншығып жатқандар көп емес пе? Көп, бұрын да көп болған, қазір де жетерлік. Өзім танымайтын кісілерді сынауым орынсыз болар. Алайда, өзіммен қатарлас жүргендердің өмірінен жақсы жағын үйреніп, жаманынан жиренейін. Жан достарым, оларды жаман ойға қимаймын. Бірақ, кемшіліктерінен құтылуға көмектеспесем менен асқан жаман дос болады ма? Кемшіліктерін бетіне басып айта салуға да болмас; қате қадамдарын қорғаштап қырсығып қалуларынан қорқамын.

Енді қандай әрекет жасауым тиіс?

Өзімнен әлсіз, өзімдей әлсіз адамдарға қанша аяушылық сезім танытқаныммен, уақытымды садақа етіп бөліп, қолғабыс көрсетпесем өмірім де, өзім де боспын. Құр сөз  болашақта еш нәтиже бермесі анық. Ал болашағын ойламай, болашақтағы арман-мақсаттарға сәйкес өмір сүрмеу надандық. Иә, дәл солай. Надандықтың ең үлкені болашаққа бармастай өмір сүру емес пе?

Тарихта надандықпен күрескен тұлғалар аз болды ма? Үлгі тұтар тұлға деп ерекше орын берген адамдардын бәрі надандықпен күресті. Олар аз болды, бірақ көпті алға сүйреді. Олар аз болды, бірақ көптің дегеніне көнбеді. Олар аз болды, бірақ өз заманының ағысына тәуелді болмады. Олар аз болды, бірақ болашақты ойлады, тарихты жаңа тарихқа жалғады. Нағыз бақытқа жетудің жалғыз жолы қиындық көпірі екенін өмірлерімен дәлелдеді. Демалмастан жүгіріп дәлелдеді. Шынайы тәуелсіз әрі бақытты жандар…

Мен ше? Мен болсам демалуды көп ойлаймын. Демалдым, демалып жүрмін, тағы да демала бергім келеді. Тәніме тәуелді болып жүріп шындықты дәлелдеу жүгі артылғанда дәлелдей алмай қаламын деп, дәлелдей алмасам бақыттан қол үзіп қаламын деп қорқамын...

Ойланайын, ойлана түсейін… Оянайын!.. Оятайын!..  


8 0
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 01 наурыз, 14:01
Тегтер: Тәуелсіздік, шынайы бақыт, ой
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...