Есіңде жүрсін......

Есіңде жүрсін......
жеке
блог

Махаббатымды жасыра алмаймын, ауызымнан шықпаса да көзім айтып тұрады.^_^

Менің ойымша: бір көріп ғашық болу әрине романтикалық махаббат. Бірақ, ұзаққа бармайды, әрқашан сытқы келбетпен ұштасып жатады. Ал, уақыт өте сүйіп қалу өте қиын, айырылу одан да қиын және өмірмен байланысып қала бермек......

Махаббатыңды өмірмен байланыстыр. Махаббат жалынымен бір мезеттік. Ал, өмір сүйіспеншілігімен ұзаққа созылмақ.

Сүйген жаныңа қаншама іш пысарлық әңгіме айтасың, іш пысарлық іс істейсің. Махаббатта сол емес пе? Сүйген жаныңа қаншама іш пысарлық әңгіме айтып, қаншама іш пысарлық іс істесе де, сеннен іш пысты деп кетіп қалмауы. 

Махаббат ең нәзік жанның жүгірісі. Ұзақтан қорқады, мүмкіншілік болса бірге жүгір, жақындай түс, айырылмастай бол, ешқашан сынама, салыстырма, құламауына, тоқтамауына демеу бол.

Ешкімнің өмірі сені қызықтырмайды иә?! Бірақ мына екі жанның өмірі міндетті түрде сені қызықтырады.Сен сүйген адам мен оның сүйген адамы......— _—

Махаббаттассаң әке-шешең мақұлдығын беретін, туыстарың білетін, дос-жарандар тілек-лебіз қылғандайы болсын. Жоқ болса ешқашан бастама, уақытыңды босқа берме, бір болмайтын сол жанға.

Менің білуімше шынайы махаббат ол - айырылысқаннан кейін де аяғым сенің салып кеткен ізіңмен жүруі.

Сәтсіздікке ұшыраған махаббатқа керегі - жабырқау, құлазу емес. Керегі- уақыт. Біраз сені ұмытуға кететін уақыт. Жүрегіме аяушылық емес, түсіністік беретін уақыт.

Біреу айтады нағыз махаббаттың артында құпия болмайды дейді. Мен мұндай адамға айтарым: бұл сіздің махаббатты да, құпияны да түсінбегеніңіз.

МЕН ойлаймын: мен ойлап жүрген адамымның ойлап жүрген адамы мен ойлап жүрген адамды ойлай ма?  Сіз қалай ойлайсыз?