Алекс Фергюсонның жолын жалғағандар (III)

Алекс Фергюсонның жолын жалғағандар (III)

Басы

2-бөлім

"Манчестер Юнайтед" бапкері сэр Алекс Фергюсонның жолын қуған шәкірттері туралы әңгімемізді жалғастырамыз.

Хеннинг Берг

«Манчестер Юнайтедте» ойнаған жылдары: 1997-2000.
Бапкерлік мансабы: "Люн": 2005-2008; "Лиллестрём": 2009-2011; "Блэкберн": 2012; "Легия": 2014-қ.т.

Хенинг Берг - «Манчестер Юнайтедте» жұлдызы жана қоймаған ойыншылардың бірі. Норвег ойыншысы «Блэкбернде» сәтті ойнады. Ал спорттық мансабын «Глазго Рейнджерсте» аяқтады. 3 жыл сэр Алекс Фергюсон тәлімін алған футболшы бапкер болғанда да ұстазынан көмек сұрап тұратынын жасырмады. Қазіргі таңда варшавалық «Легия» командасын жаттықтырып жүр.

Гордон Стракан

«Манчестер Юнайтедте» ойнаған жылдары:  1984 - 1989
Бапкерлік мансабы: "Ковентри Сити": 1997-2001; "Саутгемптон": 2001-2004; "Селтик": 2005-2009; "Мидлсбро": 2009-2010; Шотландия ұлттық құрамасы 2013-қ.т

Гордон Страканды да Алекс Фергюсон шәкірті деп атауға болады. Футболшы осы бапкер қол астында екі жыл «Олд Траффордта» өнер көрсетті. Кейіннен өз елінің «Абердин» командасына ауысты. «Абердин» қатарында ел чемпионатын екі рет жеңді, кубок пен Суперкубокты да иеленді. Ал Алекс Фергюсон командасы қатарында ешбір жетістікке жетпеді.

1997 жылдан бастап бапкерлікке мойын бұрды. Ағылшынның бірнеше клубтарын жаттықтырды. Дегенмен футбол маманының бұл жолдағы сәтті жұмысы тек өз елінің «Селтигінде» ғана көрінді. Ал «Мидлсбро» Гордон Стракан жұмысының құлдырған кезеңі іспетті. Одан кейін бапкер демалысқа шықты. 2013 жылдан бастап Шотландия ұлттық құрамасы тізгінін қолға алды.

Сэр Алекс Фергюсон футбол тарихына атын өшпестей қалдырған тұлға. Оның тағы да бір топ шәкірттері бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарып жүр. Олардың қатарында ағайынды Фил мен Гари Невилл, Фабьен Бартез, Дуайт Йорк, Майк Фелан және Райан Гиггз бар.

Стив Брюс

«Манчестер Юнайтедте» ойнаған жылдары: 1987 – 1996.
Бапкерлік мансабы: "Шеффилд Юнайтед": 1998-1999; "Хаддерсфилд Таун": 1999-2000; "Уиган": 2001; "Кристал Пэлас": 2001; "Бирмингем": 2001-2007; "Уиган": 2007-2009; "Сандерленд": 2009-2011; "Халл Сити": 2012-қ.т.

Стив Брюс 90-шы жылдардағы Алекс Фергюсонның сенімді ойыншыларының бірі болды. Сонымен қатар, қорғаушы премьер-лига тарихындағы алғашқы «алтын дубльді» орындаған ағылшын болып табылады. Манкуниандық командада жүріп, 3 дүркін ел чемпионы, 3 рет ағылшын Кубогын иеленді.

Стив Брюс бапкерлік қызметке «қызыл сойқандарда» ойнап жүргенде-ақ шақырту алды. Алайда шотландиялық маман өз қорғаушысын босатпады. «Манчестер Юнайтед» капитаны болған футболшы 35 жасында үлкен футболмен қоштасты. Содан барып қорғаушының бапкерлік мансабы басталып кетті. Премьер-лиганың "Шеффилд Юнайтед" (1998-1999), "Хаддерсфилд Таун" (1999-2000), "Уиган" (2001), "Кристал Пэлас" (2001), "Бирмингем" (2001-2007), "Уиган" (2007-2009), "Сандерленд" (2009-2011) сынды командаларын жаттықтырды. Соңғы рет «Халл Ситиді» премьер-лигаға алып шығып, жұмысын жалғастырып келеді. 

Пол Инс

«Манчестер Юнайтедте» ойнаған жылдары: 1989 – 1995.
Бапкерлік мансабы: "Максфилд Таун": 2006-2007; "Милтон Кинс Донс": 2007-2008; "Блэкберн": 2008; "Милтон Кинс Донс": 2009-2010; "Ноттс Каунти": 2010-2011; "Блэкпул": 2013-қ.т.

Пол Инс Алекс Фергюсонның талантты жартылай қорғаушыларының бірі болды. Ол ұзақ уақыт негізгі құрамдағы ойыншылардың бірі болды. Ол ағылшын Кубогы мен УЕФА Суперкубогын ұтып алуда аянбай тер төкті. Инс Алекс Фергюсонмен келісімге келе алмай спорттық мансабын манчестерлік клубта аяқтай алмады. 1995 жылы миландық «Интерге» ауысты. Кейіннен қайтадан Англияға оралып, «Ливерпульде» ойнады. Ал футболдағы мансабын төменгі лигадағы «Максфилд Таун» деген клубта аяқтады. Және сол клубта бапкерлік қызметін бастады. Қазіргі таңда «Блэкпул» командасын жаттықтырып келеді. 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

сурет: ntv.ru

Е. Қайрахан