Университетім- мақтанышым!

Университетім- мақтанышым!
жеке
блог

Жер жанаты Жетісудың, Талдықорған қаласының ортасынан ойып тұрып орын алған Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті. Университет мемлекет бойынша 8 орында. Биыл осы оқу орнында оқып жатқаныма үшінші  жыл. 3 жыл ішінде университетімнің әр қырынан, сан-қилы жақтарынан таныдым. Көптеген білімгерлер өз  мамандықтары бойынша білім алады. Студенттеріміз кредиттік жүйе бойынша оқытылады. Білімгерлер үшін барлық жағдай жасалған. Ағылшын тілін меңгеріп, IELTS  тапсырып шетелге шығуға және еліміздің 14 облысындағы университеттерге  білім алмасып оқуға мүмкіншіліктер жасалған. Университет қабырғасында оқитын білімгерлер тек өз мамандығын игеріп қана қоймай , әр түрлі іс-шараларға қатыса отырып, өздерін сан түрлі қырларынан танытуға мүмкіндік алады. Айта  кететін болсақ, жыл сайын өтетін жму сұлтаны, жму аруы, спорттық жарыстар т.б білімгерлер өз бақтарын сынайды. Ғылыми іс тәжірибелік конференциялар болып тұрады. Сондай –ақ білімгерлерге арналған көңілді тапқырлар клубы бар. Әр факультет арасында жайдарман жарыстары болады. Оқу ордасының білім нәрімен сусындатушы профессорлары мен оқытушылары бар білгендерін студенттеріміздің бойына сіңіріп, ертеңгі болашағымыз үшін аянбай еңбек етуде. Сонымен қатар оқу ордамыздың Ғали Орманов атындағы кітапханасы бар. Кітапханамызда компьютер желісі, ізденімпаз студенттер үшін ғылыми және әдеби кітаптар қорымен, газет-журналдармен , толықтай жаңа  технологиялармен қамтамасыз етілген. Осы Жетісу мемлекеттік университетімізді бітірген түлектеріміз, қазіргі таңда мамандықтары бойынша елімізде қызмет істеуде. Айтатын болсақ ,  « Қазақстан» ұлттық телеарнасында жұмыс істеп жүрген Айзада Жақсыбек, қаламыздың бұрынғы әкімі  Ермек Алпысов және т.б. Осындай түлектерді ұшырған университетте оқып жатқанымды мақтан тұтамын. Болашақта университетімнің дамып, көркеюіне өз үлесімді қосамын. Университетім-мақтанышым!!!

 

Жетісу мемлекеттік университетінің журналистика мамандығының 3 курс білімгері  Мухаметкажиева Гуляим