Интернетсіз өмір...

Интернетсіз өмір...
жеке
блог

   Бүгінгі күнмен қарасақ, интернетсіз өмір ол-көштің артында қалған адаммен пара-пар тектес.  Қолымызда интернет желісі болмаса, тап бір күңгірт әлемнің ішін кезіп жүргендей боламыз. Ортамыз қызықсыз, ұялы телефонымызда пайдасыз секілді түйіліп тұрады. Тіпті, ғаламторға кірер қаражатымыз таусылып қалса, телефонның бізге еш керегі жоқ секілді. Меніңше, дәл қазіргі кезеңнің, яғни интернетсіз өмірдің қызықсыздау болуының бастауы  осыдан 3-4 жыл алдыннан басталған болуы керек.Талқыланып жатқан тақырыбымызға қарай, қаламыздың тұрғындарының арасында кішігірім сауалнама жүргізген болатынмын.

    Қойылған сұрақ: "Сіз үшін интернет қаншалықты маңызды және әлеуметтік желілерге күніне қанша уақытыңызды жұмсайсыз?" деген сауалға әркім әр түрлі жауап қатты.

       Әйгерім Таңқызы, студент:

    –Интернеттің маңызы тек мен үшін ғана емес, қазіргі қоғамдағы тұлғалар үшін де  зор. Себебі, біріншіден-ол алысты жақындастырады. Іздеген дүниеңді лезде тауып береді. Жалпы керегіме көп жаратамын. Ал, әлеуметтік желіге күніне 8-9 сағатымды жұмсаймын. Оның ішінде: инстаграм, вконтакте, уатсап желілерін жиі қолданамын.

        Таңат Орынбасар, жұмысшы:

    –Маған ғаламтордың ұнайтын жері керек мағлұматты таба аласың. Біршама білмейтін дүниелермен танысасың. Ауылдың баласы болғандықтан, аса қатты қолдана қоймайтынмын. Бірақ, қалаға келіп үйреніп қызығына батып жатырмын. Ал, әлеуметтік желілерге 24 сағатымның 5-6 сағатын арнаймын. Әлеуметтік желінің бір минусы-тірі қарым-қатынасты азайтады. Адамдармен байланыс тек қана "Виртуалды" түрде орнығады.

         Орынбасар Нұрлыбек, мұғалім

        –Интернет, әрине, ерекше сұранысқа ие. Дегенмен, өз басым керекті дүниелерді ғаламтордан іздегеннен көрі, кітаптарды ақтарып керегімді алғанды жақсы көремін. Дұрыс, ғаламтор мен әлеуметтік желілерді  пайдалану керек. Тек дұрыс жағынан... Өз басым бір күнімнің 3-4 сағатын жұмсаймын.

           Міне, бұл берілген пікірлер біздің ғадамторға қаншалықты жақын екенімізді білдіреді. Әрине, ғаламтордың пайдасы орасан зор. Дегенмен, ғаламтор мен әлеуметтік желілілерге ерекше тәуелді болу дұрыс емес. Қолымыз қалт етсе, әлеуметтік желідегі аккаунтымызды ақтармай, әдемі табиғат аясында таза ауа жұтып серуендеп, кітап оқып ойлау қабілетімізді дамытайық...