Youtube арқылы танымал болу (PewDiePie)

Youtube арқылы танымал болу (PewDiePie)
жеке
блог

Сәлем, достар!

Бүгін сабақтардан шығып, футбол ойнап бітіргенде студенттердің ең жақсы көретін істі- ештене істемей ғаламторды араладым. Әдеттегідей бәріміз білетін Youtube сайтында видео қарағанмын.Шынымды айтсам, күннен күнге ұқсас тақырыптар туралы бейнематериалдарды көретінмін.

Алайда, бүгін өзім үшін жаңа Youtube арнасын(орыс тілінен «канал») аштым.Сондықтан сізге ол арна туралы жазып берейін деп едім.Арна және жүргізуші есімі - PewDiePie(ПьюДайПай).PewDiePie 24 қазан 1989 жылы Швециядағы Гетеборг қаласында өмірге келген, шын есімі - Фе́ликс А́рвид У́льф Че́льберг.Феликстің Youtube блогы – ең танымал болып табылады (2013 жылы Гиннесстың Рекордтар Кітабына енген).Pew блогын 2010 жылдың сәуірінде бастап, бірінші миллионын 2 жылда жинады.Қазіргі кезде 50 миллионға таман адам арнасына жазылған.Сонымен қатар, Youtube компаниясымен ресми түрде ақша таба бастаған бірінші блогер.

Айтпақшы, 2014 жылы 7,5 миллион доллар ақша табса. Ал 2015 жылы 15 миллионға дейін жетті.Бейнематериалдардың көбісі ойындармен байланысты: Феликс кез келген компьютер ойындарын ойнағанын көрсетеді.Басында тек ойын бейнесі мен PewDiePie-дың дауысы болса, қазіргі кезде өз үйінде үлкен студиясы бар.Ойындар туралы бейнематериалдардан басқа апталық «Fridays With PewDiePie» (жұмалар PewDiePie-мен) және басқа қалаларға саяхаттары туралы бейнематериалдары бар.

PS: Сіз осы блогты оқып жатқанша PewDiePie-ға 15 адам жазылып, оның бейнематериалдарын мыңнан аса адам көріп үлгірді.

Назарларыңызға рақмет!