Отан-Ананы өгейсінген қазақ жастары

Отан-Ананы өгейсінген қазақ жастары
жеке
блог

Бүгінгі таңда қазақ азаматтырының арасында шетелде оқу, тұру, қыдыру, шетелдікпен отбасы құру сәнге айналып отыр. Осыны көріп отырған әрбір мектеп табылдырығында жүрген оқушы шетелдік университетте оқуды, сол жақта тұрақтап қалуды армандайды. Әрине жаһандық таным-білімге ұмтылу өте керемет, алайда неге тұрақтап қалу? Неге сол алған білімін өзінен кейінгі ұрпаққа тарату емес? Бұрынғы өткен сол Ыбырай, Абай өз заманында орыс мәдениетін көріп, орыстардың білімге деген ұмтылысын көріп, таныды, білді, оқыды, өз білімдерін арттырды, бірақ шетел асып кеткен жоқ. Олар өз елінде қалып, білімдерін біздің ұрпаққа мұра қылып қалдырып кетті. Қазіргі қазақ жастары керісінше шетелге асып кетуді бірінші мақсат етіп отыр. Кеңес Одағынан кейін, тәуелсіз Қазақстанға жаһандануға жол ашылды, бірақ Қазақстанның дамуына бұл жастар шетелден оралмай, ешқандай үлес қоса алмайды.

Қазіргі таңда сол қазақ жастары елге, отанға деген сүйіспеншілігін неге арттыра алмады деген сұрақ халықты мазалап отыр. Әрине бұл жалпы халықтық, ұлттық мәселе екені сөзсіз. Бұл мәселені шешу үшін, алдымен балаға мектеп табалдырығынан бастап, шетелде білім алуы дұрыс, бірақ еліңе орал, Қазақстанның экономикасын, мәдениетін дамыту керек деп үйрету жөн секілді.

Құрметті замандастар, шетелдік боламыз деп рухани жетім болып қалмаңыздар!