Менің жазғы демалысым

Менің жазғы демалысым
жеке
блог

Жаз.Шуақты күндер.Айналаны өзінің сұлулығымен,әсемдігімен баурап алатын алуан-алуан гүлдер мен жан-жануар,аң-құстар.Жаз.Нағыз демалыс уақыты.Ауылдағы кездің нағыз жұмыстың қайнар уақыты.Оқушыларда оқу жылы біте салысымен абыр-сабыр боп,жазғы демалысын қайда,қалай өткізетінін ойлап бас қатыратын маусым айы.Үш ай уақыт.Мен үшін бұл ұзақ та,қысқа да мерзім.Осы үш айда мен өз уақытымды барынша қызықты өткіздім.Ата-анама қолғабыс етіп те,қыдырып та,сауатымды ашып та үлгердім.Маусым айында қорадағы отар қойларды бағып,әкеме неде болсын көмегімді тигіздім.Ауыл балаларымен қой бағып жүріп кей кездері әңгіме кіріп кетіп,қойдан алшақтау болып қалған кездерім де болды.Тіпті кейде қойларым үйге менен бұрын келіп қоятын. Бұлақтың өзенге, өзеннің теңізге асыққанындай аптығып әрең  жететінмін. Қой бағып жүріп күнделікті көріп жүрген жерлерім інжу-маржаннан алқа таққандай,көз тоймас көрнекті жерлер екендігін байқадым.Қой баққан сәтте өзімді кофе ішіп отырғандай емін-еркін сезінетінмін.Ех,маусым айындағы небір қызық кездерімді әлі де аңсаймын.Шілденің сарша тамыз ыссы кездері уақытымды қыдыруға арнадым.Кіндік атама көмектесеін деп өрік,қара жидек,шие жинауға көмектестім.Шілде айы мен үшін нағыз саяхаттайтын уақыт еді.Тамыз айы.Бұл айда мен оқу жылын аңсаумен өткіздім.Сабаққа,достарыма,сыныптастарыма деген сағынышым одан сайын арта түсті."Білімнен жақсырақ қазына болмас,ол бір тасқын бұлақ суы сарқылмас" дегендей тамыз айында Рахмет Иманғалиевтың "Халқын сүйген Сапура" атты кітабын оқыдым.Бұл кітап ауданымыздың сонау өткен жылдардағы беделді адамдардың шаруаларымен таныстырады.Сол кітаптың ішінен Лайсов Қазанғап деген есім маған таныс естілді.Сөйтсем ол кісі сыныптасым Маияның атасы екен.Міне,қызық.Бұл кітапты оқып бітірген соң

Құдай-ау қайда сол жылдар,

Махаббат қызық мол жылдар,

Ақырын,ақырын шегініп,

Алыстап кетті-ау құрғырлар,-деп Абай атам жырлағандай "Махаббат қызық мол жылдар"деп аталатын кітаты оқыдым.Бұл кітаптағы Меңтайдың перзентханада Ерболға жазған хаты өзгеше әсерлі.Студенттік кездері тіптен керемет.."Сол бір күз" атты әңгімемен де таныстым. Айтылмай қалған тағы бір жайтым бар.Маусым айынан бастап білім күніне дейінгі аралықта танымал саиттардың бірі-Массагет ойын-сауық порталы ұсынған "Мақсатыңа Массагетпен бірге жет"байқауына қатыстым.Бұл байқаудан өзімді әбден шыңдадым.Бұл байқау менің сауатымды оятты.Маған шыдай білуді үйретті.Байқау арқылы мақсаттарыма айқын жете білдім.Мен өзіме сенемін.Өзіме сенуді маған сүйікті массагетім үйретті.Осы сенімім мені алға қарай нық қадам басуға жетелейді деп сенемін.Міне, менің жазғы демалысым  ұйықтағанда көрген тәтті түстей өте шықты.