Мен - түнмін...

Мен - түнмін...
жеке
блог

Мен түнмін. Қою қара түнмін. Адамдардың шын бейнесін көретін, көрсе де үндемейтін...Күннің жылтыр жүзіне қарауға батылы бармаған көздер өзіне келгенде əрлі-берлі анық адымдап, төңкерілетін, содан соң бəрін лық еткізіп тостағанына құя салатын...

...Біреуге оны жалғыздық паналайтындай, біреуге ішінде шындық жасыранатындай, біреуге сырлас дос күтетіндей көрінетін, біреуге азабы мол ащы, біреуге тəтті, қою қара түн. Саналы түрде, мейлі санасыз болсын тек жүрек қана үн қата алатын, үнсіз тұрса да оны ұға алатынына шүбəсіз түн. Таң ата бəрін түк болмағандай жиыстырып, барлығын дөңгелек қос қоржынына тығып, қос кішкентай жанарында күллі дүниені арқалап жүре беретін түннің иесі...Менмін ғой...