Жетістікке жету үшін, жеңілмегеніңіз абзал.
жеке
блог

Жетістікке жету үшін, жеңілмегеніңіз абзал.

Жетістікке жету үшін, бастаған істі аяғына дейін жеткізіп үйрену керек. Сонда ғана көңіліңіз жайланып, екінші істің де бітеріне сеніміңіз мол болады. Жалпы адам баласы бұл ғаламның сынықтарымен күресіп, өзінің жер бетіндегі миссиясын орындау барысында аянбай тер төгуі жөн. "IPHONE" компаниясының негізін қалаушы Стиб Джобс: "Адам бақ-дәулетті болуы үшін жиырма төрт сағат жұмыс істеудің қажеті жоқ, тек ойланып баспен істеу қажет", деген екен. Сол себепті әрбір істі асықпай ойланып бастап, жылдам бітіруге тырысу қажет. Сонымен қатар адамның табысты болуы үшін қосымша мына кеңестерді де жадында сақтауы қажет.

1) Өзіңізді сәл деңгейлес біреумен салыстырудың қажеті жоқ. Бірде сен озсаң, бірде ол озады.

2) Үлкен адам болу үшін алдыңызға үлкен талаптар қоя білгеніңіз дұрыс. Сондай-ақ, оның орындалуына бар күш-жігеріңізді жұмсағаныңыз абзал.

3) Тек қана жинай беруден бөлек, өзге біреуге көмектесуге де әзір болыңыз. "Шығын шықпай, кіріс кірмейді", деген мақал осындай кезге дөп айтылған.

4) Сізді артқа тартып, мақсатыңыздан бас тартқызар достарыңыз болса, қорықпай қоштасуыңыз керек. Өйткені бүгін мақсатыңызбен қоштсып, ертең үлкен өкініштің өртіне өртенуіңіз мүмкін.

5) Адамдармен қарым-қатынас жасауды үйреніңіз. Бір сөзбен айтқанда көп білім жинағаныңыз абзал. (әртүрлі мемелекеттер, көліктер, туризм, мәдениет, өзге салалар т.с.с білген біліміңіз көп адаммен оңай әңгімелесуге итермелейді.)

6) Айтқан уәдеңізде тұруға дағдыланыңыз. Өзгелер сөзіңізге сенбейтін болса, өзіңізге де сенуді доғара бастайды.

7) Уақытыңызды бос өткізбеуге тырысыңыз. Тым болмаса газет, журнал, кітап оқып отырғаныңыз дұрыс.

8)  Өзіңізге қанша сенімді болсаңыз да өзгенің айтқан кеңесіне құлақ түре жүріңіз. Бәлкім ол кездескен қиындықтың шешімін тауып немесе айналып өтудің жолын іздестіре бастайсыз.

9) Өзіңізге сенімді болсаңыз, кері тартар ақпараттарға бұрылмаңыз. Соңында еш нәтиже бермесе де сіз жүрегіңіздің қалағанын жасап тәжірибиелі боласыз.

10) Қандай орта болсын мәдениетті болуға тырысыңыз. Әдемі киініп, жақсы сөйлеп, сыпайылық тантытсаңыз, жаныңызға жақсы адамдардың жиналғанын бірден аңғарасыз. Өйткені сіздің алдыңызда табысты болған жандар тек жақсы адамдармен араласуды жөн санайды.

 Бұл кішкене дүниені оқып отырып, аса қатты мән бермеуіңіз мүмкін. Себебі, сізбен деңгейлес адамның ақыл айты оғаш екені бәрімізге белгілі. Алайда, бұл сізге өмірден өз орныңызды біліп, жақсы жол табуға көмектеседі. Бүгінгі кішкентай ой, ертеңгі үлкен адамның бейнесін сомдап тұрғанына сеніңіз. Сіздің өркендегеніңіз, Отанның мықты болуына көп ықпал жасайтынын естен шығармаңыз.