жеке
блог

Сөздік қордың кеңдігі ме, әлде?!

Орысша сөйлеу қазірде бізідің сөздік қорымыздың ең бірінші базасына айналды. Бұл дегенім прмерно, пока, типа , привет секілді күнделік өмірде қолданылатын сөздер жиынтығы.  Біздер де сонда қазақ тілінде таза сөйлей алмай, орысшамыз әуелі жақсы болғаныма? Иә, тіл білген дұрыс , бірақ ана тіліміздің қадір-қасиетін соншалықты бағаламағанымыз ба? Әлде , қалай болғаны , кезде  Ломоносов, Толтой өз тілдері үшін қалай күресті?  Шәкәрім, Мағжан, Торғайғыров , Абай атамыз ше? Бас ақынымыздың яғни Абай атамызыдың  дәл тауып айтылған сөзі бар , мысалы:

Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,

Ол ақынның білімісіз  бишарасы.

Оған қоса “Өзге  тілідің бәрін біл , өз тіліңді құрметте” деген қағида қайда қалды, тілдік қорымыздың таусылғаны ма, жоқ әрине, бұл тек замануаи болғанымыз шығар.  21 ғасыр ғаламтор ғасыры дедік, енді ағылшын тілін жетік білу дәуірі ме? Ана тілімізді жетік біліп тұрсақ, онда орысша, ағылшын тілін білуде артықшылық емес.  Қазақ айтады ғой , “көрпене қарай көсіл” деп міне, дәлме –дәл  айтылған сөз ғой. Менің айтайын дегенім қазақ тілімізді  толық меңгеріп  тұрсақ, оған қоса өзге тіліді де білсек  оның еш зардабы жоқ. Шет ел сөзін көп қолдана бермейік. Дегенмен де ана тілімізідің, дара тіліміздің, таза тіліміздің,  сөздік қоры мол тіліміздің бедерін одан әрмен асқақтатайық! Көк туымызбен анамыздың  ақ сүтіндей  ана тілімізді  ардайтайықшы!!!

 

                                                                                     Досмухамбетова Еркежан

                                                                                                                    Семей қаласы.

Жұлдызды блогтар