Нағыз мұсылман

Нағыз мұсылман
жеке
блог

Бірде бір ғалымнан: «Нағыз мұсылман қандай болуы керек?» деп сұрайды. Сонда ол: «Ол өзіне берілген ғұмырдың қадірін біледі, сондықтан оны бос нәрселермен өткізбейді. Уақыттың қадірін біледі. Дінін терең зерттеп, біліміне сай әрекет етеді…

– Тағы?

– Ешқашан жалған сөйлемейді және өсек, ғайбат айтпайды. Бауырының кемшіліктерін жасырып, оның қателіктеріне кешіріммен қарайды. Барлық адамға мейірімділік танытады. Өзгенің байлығына, өміріне қызығып қарамайды, тек өзімен айналысады.

– «Өзімен айналысады» дегенді қалай түсінуге болады?

– Қандай да бір қателік немесе күнә жасап қойса, Алланың кешірімінен үміттеніп, кешірім тілейді. Өзгенің қиыншылығын өзініңкіндей көреді. Өзгелердің сөзінен, ісінен қателік іздемейді. Өз уақыты мен өзгелердің уақытын бағалай біледі, – деп жауап береді.