Жұмыс жəне жұмыс істей білу туралы

Жұмыс жəне  жұмыс істей білу туралы
жеке
блог

Жұмыс істеу үшін лайықты күн жəне сағатты күтудің қажеті жоқ. 

Əр күн əр сағат -жұмыс істеу үшін ең ыңғайлы уақыт.

Жұмыс істеу үшін лайықты орын немесе бұрыш іздеудің де керегі жоқ, əр жер

немесе əр бұрыш - жұмыстың ең лайықты орны.

Бір күнде немесе белгілі уақытта істелуі керек болған істі ертеңге қалдырма.

Өйткені əр күннің өзіне тəн жүгі бар,жұмысы да өзіне жеткілікті болады.

Бір уақытта тек бір іспен ғана айналыс,жалғыз бір сабақпен, кітаппен тіпті бір тақырып төңірегінде жұмыс істе 

Назарың сан -саққа жүгіріп көңілің бөлінбесін.Бір уақытта бірнеше істі тындырамын деген адам ешқашан оның бірінде көңіліндегідей істей алмайды.

Бастаған істі бітірмей басқа бір іске бас ұрма.

Жартылай қалған іс əлі басталмаған іс. Бір күннің ісін  бітіргеннен кейін,

ертең не істейтініңді ойланып ал.