Біз неге жүгіруге құмармыз?
жеке
блог

Біз неге жүгіруге құмармыз?

Жақында  кішкентай інім менен:

-Аға, қайда барасың? - деп сұрады.

- Жүгіруге.

- Не үшін? 

Ол не бәрі үш жаста. Бірақ,  бұл шынымен жақсы сұрақ. Мен марафонга дайындалып жаткан едім, әлі толық бір ай бар. Сосын шықсам да болатын еді. Немесе ертең. Немесе мүлде жүгірмесем де ештеңе емес. Дегенмен, мены бәрібір бір  күш итермелейді. 

- Көңіл көтереді өйткені! - дей салдым ақыры. 

Балалар калай ойнайтынын көрген шығарсыз. Ойынға берылып, әрі-бер¡ зымырап мағынасыз айналып жүгіре береді. Адамда жүгіруге деген ықыласы тумасынан бар. Лық толы қала көшелерімен, табиғатта желдей есіп жүгіргенде біз ұмтылған  балалық қуаныш сезімін бастан кешеміз.

Әрине, көпшілік арықтау үшін жүгіреді. Бұл жақсы мотивация. Тіпті уақытқа жүгіріп рекорд орнатқысы келетіндер де аз емес. Шынына келгенде,  жылы көрпенің астында жатуға болса да, суық дала мен жаңбырдың  астында жүгіруге шығуының  нағыз себебі бұлар емес. Сонда не? Бұл сұраққа ешкім әлі көкейге қонатындай етіп жауап берген жоқ. Себебі, бұл риторикалық сұрақ. Дегенмен, түбінде біз  жауабын білеміз.