Тұғыры биік-Тәуелсіздігім!

                                Біз тәуелсіздікті ақылмен ата баба жолымен алдық деп ойлаймын.

Н.Назарбаев

         «Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм тұзын ақтай білген елміз. Асқақтаған  жау болса, ордасын таптай білген елміз...»,-деп Қаз дауысты Қазыбек сүбелі сөзіне арқау еткен қазақ-ұлдары ұлағатты, қыздары қырмызы мінезді қылықты, қайтпас қайсар, қырандай қырағы, дұшпандарға да достығын асыра білген дархан көңілді, жомарт жүректі, кеңпейіл, көркем, көреген халық.

Қазақ -деген бес әріп!

 Қасиет. Айбын. Зерде. Ар. Қанағат.

 Қасиетін қашырмай

Айбынын азайтпай

 Зердесін зерлеп

Арнын  аздырмай,

 Қанағатын құлыптап бес әріптің ішіне сыйып жүрген, тамырын тереңге жайып жүрген текті қазақ.

       Еліміздің сан ғасырлық тарихында мақтаныш тұтар, бүгініміз бен болашағымыз үшін ғибрат алар, кеудемізде қиналғанда үміт отын жағар оқиғалар аз емес...

        Солардың бірі барлық игіліктерден ең  ұлы-Тәуелсіздік. Ата-бабамыз ұйқысыз түндермен, күлкісіз күндермен, уайымның торына шырмалған кездермен, бұлыңғыр болашақты армандаумен қаншама ғұмыр кешті. Бірақ қазақтың маңдайына жарық күн туды. Бұғау біткенге сыймай, шідер біткенді шірей тартып, шынжырларды балқытып, тәжбен тақты кұйрететін күшті нұр ұлттық егемендігімізге қолымыз жетті. Еліміз тәуелсіз, ұрпағымыз бақытты.

       Ендігі тәуелсіз ел, тәуелсіз ұрпақ қандай болуы керек?

    Бүгінгі таңдағы бодандық құрсауынан құтылған, азапта заманның ащы, дақпырт күндерін тарих  беттерінен ғана оқитын,ұшса құстың қанаты, шапса аттың тұяғы талатын ұлан ғайыр жерімен мақтаныш, тәуелсіз Қазақстан туымен тұғырлы, елта ңбасымен еңселі, әнұранымен әйбәт, ұрпағымен ұранды. Шет елге шірене қарайтын, қойнауы қазыналы, топырағы киелі алдыңғы қатарлы мемлекет.

    Тәуелсіз еліміз бар, байырғы жеріміз бар, баянды атамекеніміз бар, қайырлы дініміз бар, зайырлы діліміз бар, бай тіліміз бар, осынау шалқар даламыз бар, бас иер Президентіміз бар, әркез  мықты ел боламыз деген құдайдан тілер үмітіміз бар.   Сол үмітімізді еселер бақытты ұрпағымыз бар. Бақытты ұрпақтың алаңсыз білім алуы, әдемі өмір сүруі үшін бүгінде барлық мүмкіндіктер жасалған. Қазіргі заманның бой жарыстыратын емес ой жарыстыратын заман екені баршамызға мәлім. Жаңа заманның жасампаз ұландары алға басқан «Тәуелсіздік» атты алып кеменің желкенін құлатпай, бағыт-бағдармен айқын жол сілтер «Нұрсұлтан» есімді капитанын сыйлап, қадірлеп өтсек, осы кемедегі барша жолаушыны өз бауырымыздай жақын көрер болсақ, кездесер әрбір толқын мен дауылға қасқайып қарсы тұра аламыз. Біздің басты қаруымыз- бірлік, тұтастық, ынтымақ.

Күн кешіп талай уақыт азаппенен

 Кездескенде бетпе-бет тозақпенен

Осының бәріне де төзе білеген,

Тұғырың биік болсын

Қасқыр елім, ҚАЗАҚ, деген.

               Қияда қалқы, қарышта-Қасқыр Қазақ!



Бөлісу: